AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде...

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Алматы 16.07.2026, 16:26 487
Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады
Алматы әкімдігі

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 16–20 шілде аралығында Алматыда ауа райы қалыптан тыс ыстық болады.. Кей жерлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін жетіп, биылғы маусымда алғаш рет +40 градустан асып, климаттық нормадан едәуір жоғары болады. Осыған байланысты ауа температурасының көтерілуіне орай көше-жол желісін күтіп ұстау және қалалық аумақтарды қосымша салқындату шараларын күшейту туралы шешім қабылданды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаланың Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, осы кезеңде негізгі магистральдық көшелерде және адам көп жүретін учаскелерде жол жабынын суарып, ауаға су бүрку (аэрация) жұмыстарын жүргізетін 16 арнайы техника бағанасы жұмылдырылады. Жұмыстар тәуліктің ең ыстық уақытында жүргізіліп, қаланың 128-ден астам көшесін қамтиды.

Сонымен қатар, көше-жол желісін күнделікті санитарлық күтіп ұстау жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта жолды, тротуарды, аялдама павильондарын және қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарын жууға 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Аэрация және суару жұмыстары жол жабыны маңындағы ауа температурасын төмендетуге, шаңның көтерілуін азайтуға, асфальттың қызып кетуінің алдын алуға және осындай аптап ыстық кезінде жол жабынына түсетін температуралық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);