Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда "Айбын" X халықаралық әскери-патриоттық ж...

Алматыда "Айбын" X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны қорытындыланды

Әлеумет 22.06.2024, 16:07 644
Алматыда "Айбын" X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны қорытындыланды
Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың  туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара әскери-патриоттық клубтар, әскери мектептер мен училищелер тәрбиеленушілері арасында ерекше әсер қалдырды. 

Әскери-патриоттық жиынға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей құрамаларынан 750 адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан командалары атынан өңірлерден, ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарынан, ҚР Қорғаныс министрлігінің астаналық әскери колледжінен, "Жас ұлан" республикалық мектептерінен, "Арыстан" мамандандырылған лицейінен және облыстық әскери мектеп-интернаттардан жарысқа қатысты.

Жас патриоттар жарысының аяқталу рәсімінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев сөз сөйледі.

– Сендер тиянақты дайындалған шара өз мәресіне жетті. Бұл сайыстар сендердің ақыл-ойларыңды, күш-қуат дайындықтарыңды, командада қалай жұмыс істейтіндеріңді көрсетті. Жаңа достар, қызықты кездесулер мен тәжірибелер естеріңде мәңгі қалады деп ойлаймын. Сендерге сәттілік тілеймін және өркендей беріңдер, – деді министрдің орынбасары.

Марапаттау рәсіміне "Қарулы Күштер ардагерлері" РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысты. Өз сөзінде ол жиынның халықаралық деңгейі жастардың Жеңіс батырларына деген құрметі мен ұрпақтар сабақтастығын көрсететінін атап өтті. Түрлі ел өкілдерінің жиынға қатысуы осындай сайыстарға әскерге дейінгі жастардың дайындық сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Жиын ережесі бойынша бас жүлдені "Күшіміз бірлікте" финалдық ойынында жеңімпаз атанған алады. Оған өз санаттарында үздік деп танылған командалар қатысқанын айта кету керек. Бұл тартысқа толы сайыста Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің құрамасы жеңіске жетті. Осы команданың капитанына "Айбын-2024" X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Бас жүлдесі табысталды.

Ұйымдастырушылар санаттар бойынша жарыстың барлық түрін қорытындылады. Қатысушы мемлекеттер командалары арасында бірінші орынды Қазақстанның намысын қорғаған Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің кадеттері олжалады. Екінші орында – Өзбекстан құрамасы, үшінші орында – Белоруссиядан келген Минск Суворов әскери училищесінің командасы.

 

Өңірлер санатында Ақмола облысының "Айбын" әскери-патриоттық клубы, екінші орында Түркістан облысының "Арыс" командасы, үшінші орында Абай облысының "Абай қырандары" командасы жеңіске жетті.  

Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің "Жас десантшылар" командасы, екінші орында – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының "Болашақ", үшінші орында – Әуе қорғанысы күштерінің "Бес қару" командасы үздік деп танылды. 

Республикалық мектептер мен облыстық әскери интернаттар ішінде бірінші орынды Қарағанды қаласының "Жас ұлан" республикалық мектебі, екінші орынды Абай облысы Семей қаласының "Жас ұлан" арнайы ерлер мектеп-интернаты, үшінші орынды Алматы облысының "Арыстан" мамандандырылған лицейі иеленді.

Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айбын #жастар жиыны #халықаралық жиын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика