AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын с...

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Алматы 17.07.2026, 19:25 579
Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Биыл алғашқы жартыжылдықта атқарылған маңызды жұмыстардың бірі спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру жүйесін жетілдіру болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Алматыда спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік қолдау жүйесін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алушылардың саны едәуір көбейді.

Қабылданған шаралардың арқасында жоғары спорттық жетістіктері үшін ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылардың қатары айтарлықтай кеңейді. Бұрын мұндай төлем негізінен ересектер санатындағы спортшыларға ғана тағайындалса, бүгінде қолдау жүйесі жасөспірімдер мен жастар санатындағы спортшыларды, сондай-ақ паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және командалық спорт түрлерінің өкілдерін де қамтиды.

Соның нәтижесінде ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылардың саны 244-тен 925 адамға дейін, ал жаттықтырушылардың саны 28-ден 341 адамға дейін өсті. Қолдау жүйесінің кеңеюі спортшылар мен мамандардың біразын тұрақты мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіп, спорт резервін сапалы даярлауға және халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізуге қосымша мүмкіндік беріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);