AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған музейлік са...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған музейлік сабақ өтті

Білім және ғылым 04.09.2026, 16:12 154
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына арналған музейлік сабақ өтті

4 қыркүйекте Алматыда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «А.Байтұрсынұлы және Қазақстан халықтарының тілдік қазынасы» тақырыбында мәдени-ағартушылық музейлік сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық орталық музейінің Музейлік педагогика бөлімі, Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және А.С.Пушкин атындағы №4 мектеп-гимназиясы бірлесіп өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін таныту, мемлекеттік тілге құрмет қалыптастыру және Қазақстандағы тілдік әралуандылықтың маңызын түсіндіру.

Музейлік сабақ барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ғылыми-ағартушылық қызметіне арналған музей қорындағы фотосуреттер мен құжаттар негізінде дайындалған таныстырылымды тамашалады. Сондай-ақ интерактивті ойындар мен сұрақ-жауап алаңдары ұйымдастырылып, түрлі ұлт өкілдерінің балалары бір-бірінің тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы ой бөлісті.

Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінді оқып, ән айтып, күй тартып, өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде №20 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, зерттеуші Светлана Прокопенко қатысты. Ол балаларға мемлекеттік тілді меңгерудің маңызы туралы айтып, елдегі этносаралық татулық пен бірлік жайында жылы лебізін жеткізді.

Сабаққа Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Қаламқас Шакретова, А.С.Пушкин атындағы №4 гимназиясының директоры Айнұр Нұрпейісова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Алтын Асылова, Айнұр Абдрахманова, Замира Әбілдаева, Әсел Әділбаева, музыка пәні мұғалімдері Әсем Мырзахметова мен Жазира Батталиева қатысты.

Сондай-ақ музейлік сабаққа ҚР Ұлттық орталық музейінің Музейлік педагогика бөлімінің қызметкерлері Нұржанат Алтынбекова мен Айжан Курбанова атсалысты.

Іс-шара соңында қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы қазақ тілінің ғана емес, ұлттық руханият пен ағартушылықтың да құнды негізі екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Бүгін 19:31

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы халықаралық рейтингте ТОП-10 қатарына енді

Бүгін 19:00

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

Бүгін 18:15

Жаңа білім мен тың идеялар тоғысқан күзгі мектеп

Бүгін 17:45

Үкіметте «Капитал нарығы туралы» заң жобасы таныстырылды

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);