AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда адам ұрлау әрекеті тоқтатылды

Алматыда адам ұрлау әрекеті тоқтатылды

Барлығы 11.02.2026, 12:45 764
Алматыда адам ұрлау әрекеті тоқтатылды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері адам ұрлау әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Polisia.kz мәлімдеуінше, түскен жедел ақпаратқа сәйкес, белгісіз тұлғалар бір азаматты күш қолданып, көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Оқиға бойынша ақпарат дереу тіркеліп, жедел басқару орталығы "Ұстау" жоспарын енгізді. Полиция экипаждарының үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті көлік қысқа уақыт ішінде анықталып, тоқтатылды. Көлік салонында жәбірленуші және оқиғаға қатысы бар бірнеше ер адам болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, ойдан шығарылған себептермен азаматқа психологиялық қысым көрсетуге тырысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

– Бұл – аса ауыр қылмыс. Куәгердің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз әрекеттердің жолы кесілді. Азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге және күмән туындаған жағдайда "102" нөміріне дереу хабарласуға шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Адам ұрлау #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);