конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда адам құқықтарын қорғауға қатысты тренинг...

Алматыда адам құқықтарын қорғауға қатысты тренинг өтті

Әлеумет 04.06.2025, 10:43 648
Алматыда адам құқықтарын қорғауға қатысты тренинг өтті
Досбол Атажан

Алматыда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Семинар-тренингке Алматы қаласының жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ адвокатура институтының, азаматтық қоғам және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты.

Семинар-тренинг тыңдаушыларының алдында Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар Офисі Басшысының міндетін атқарушы Юрий Фенопетов және Орталық Азиядағы Шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасының (БОМКА) өңірлік менеджері Марис Доминьш құттықтау сөз сөйледі.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.

Семинарда Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын өзге де адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.  Бұдан басқа, семинарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын, сондай-ақ әйелдер мен балалардың, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері ортаға салынды.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласында тәжірибе алмасты. Комиссия мүшелері тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам құқығы #Семинар #тренинг #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатынын айтты

Бүгін 18:42

Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Бүгін 18:40

«Халық үні естілсін»: алматылықтар сайлау туралы не дейді?

Бүгін 17:55

Әнші Тимур Пиязов алматылықтарды Құрылтай сайлауына шақырды

Бүгін 17:36

Жастардың дауысы - ел болашағының кепілі

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);