AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовке мемориалдық тақта...

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовке мемориалдық тақта орнатылды

Әлеумет 26.10.2024, 13:38 1,947
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовке мемориалдық тақта орнатылды
Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Алматыда мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш тақта әлемге әйгілі «Қан мен тер» тарихи-революциялық трилогиясының авторы тұрған үйдің қабырғасына, яғни Төлебаев көшесіндегі 156 үйге орнатылды. 

Іс-шараға танымал әдебиетшінің туыстары мен жақындары Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, сондай-ақ жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Әбдіжәміл Нұрпейісов – көзі тірісінде аты аңызға айналған ғажайып жазушы. Оның өмірі мен еңбегі – ерлік пен өрліктің, парасаттылық пен бекзаттықтың, еңбекқорлық пен кәсіби шеберліктің үздік үлгісі. Ол әдебиет пен Отанға адал қызмет етті. Әбдіжәміл Кәрімұлы отандық және әлемдік әдебиет тарихында жарқын із қалдырып, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің символына айналды», - деп атап өтті салтанатты іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

 

Сондай-ақ, бүгін Алматыда белгілі жазушылар, сыншылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  құттықтау сөз сөйледі.

Спикерлер қатарында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, түркі мемлекеттері Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы және кинодраматург Смағұл Елубай, мемлекет қайраткері, ақын, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, аты аңызға айналған театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және басқа да көрнекті қайраткерлер болды.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына да қатысқан. Оның әйгілі «Қан мен тер» трилогиясы әлемнің 30 тіліне аударылды. Ол өзінің әдеби шығармаларында Арал теңізінің мәселелерін де көтерген болатын. Мәселен, Арал теңізінің апатқа ұшырау хикаясы «Соңғы парыз» роман-дилогиясында суреттелді. Ол еңбегі үшін әдебиетші 2003 жылы Шолохов сыйлығымен марапатталған еді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әбдіжәміл Нұрпейісов #Мемориалдық тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);