AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 94,2 км болатын 37 көше жаңартылады

Алматыда 94,2 км болатын 37 көше жаңартылады

Әлеумет 18.12.2024, 12:35 1,082 Nursok82
Алматыда 94,2 км болатын 37 көше жаңартылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025-2026 жылдары Алматыда 49,2 км ұзындығы 11 көше кешенді түрде көркейтіледі. Алматы ел бойынша жайлы урбан орта құрудың халықаралық стандартын енгізіп жатқан алғашқы қала. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Әлемнің ірі мегаполистерінің озық тәжірибесі көшелерді «қасбеттен қасбетке дейін» кешенді көріктендіру тәсілі жайлы және заманауи қала ортасын құрудың ең оңтайлы шешімі екенін көрсетеді. Біз Алматыда осы халықаралық стандартты енгізудеміз, бұл тәсілді қолданатын Қазақстандағы алғашқы қала болдық», – деді Ерболат Досаев. 

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні Достық даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абая даңғылына дейін) және Пушкин көшесі (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) жобаларының ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады (3,7 млрд теңге).

2025 жылдың ақпан айында Радостовец және Макатаев көшелерінің жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталады. 

2025 жылы Желтоқсан көшесінде (Байтұрсынов көшесінен Райымбек даңғылына дейін) ұзындығы 4,6 км және Райымбек даңғылында (Пушкин көшесінен Алтын Ордаға дейін) ұзындығы 17,2 км болатын екі жаңа BRT желісі салынып, көшелер «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша кешенді көріктендіріледі.

«Алматыбасжоспар» ЖШС-нің мәліметінше, жобалық жұмыстар аясында қалалық инфрақұрылымды кешенді жаңарту көзделген. Көшелер заманауи жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықталады, олар қала тұрғындарының қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етеді. Тротуарларда ыңғайлы орындықтар, беседкалар, қоқыс жәшіктері және жаңа жарықтандыру тіректері орнатылады. 

Барлық жұмыс тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлылықты, экологиялық тазалықты және қалалық ортаның тартымдылығын қамтамасыз ететін заманауи көріктендіру стандарттары ескеріле отырып жасалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика