AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға арналған 1...

Алматыда 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға арналған 1150 сауда орны белгіленді

Алматы 06.03.2026, 10:13 382 Дина
Алматыда 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға арналған 1150 сауда орны белгіленді

Алматыда Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге дайындық аясында гүл сатуға арналған арнайы сауда орындары белгіленді. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2004 жылы 12 сәуірдегі №544-II «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдіктерінің ұсыныстары ескеріле отырып, қала бойынша гүл өнімдерін сатуға арналған 1150 сауда орны анықталды.

Гүл саудасы 6-8 наурыз аралығында қала аумағындағы арнайы бөлінген алаңдарда ұйымдастырылады.

Сауда орнын алу үшін кәсіпкерлер жоспарланған сауда орны орналасқан аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет. Бос орын болған жағдайда кәсіпкерге гүл сатуға рұқсат беретін құжат — меморандум рәсімделеді.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өз бетінше сауда жасауға болмайды. Осыған байланысты кәсіпкерлерден белгіленген талаптарды сақтап, сауданы тек ресми айқындалған сауда орындарында жүргізу сұралады.

Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің байланыс деректері:

Алатау ауданы: Жанқожа батыр көшесі, 26, тел.: +7 (727) 299-84-23

Алмалы ауданы: Төле би көшесі, 67, тел.: +7 (727) 313-31-02

Әуезов ауданы: 8-шағынаудан, 4Б үй (Абай БО), тел.: +7 (727) 338-46-05

Бостандық ауданы: Айманов көшесі, 191, тел.: +7 (727) 274-83-08

Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2А, тел.: +7 (727) 384-27-60

Медеу ауданы: Пушкин көшесі, 72, тел.: +7 (727) 291-60-72

Наурызбай ауданы: Шұғыла шағынауданы, 347, тел.: +7 (727) 308-70-20

Түрксіб ауданы: Шолохов көшесі, 9, тел.: +7 (727) 221-21-78

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды

Бүгін 15:06

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Бүгін 15:03

Мемлекет басшысы: «Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті»

Бүгін 14:58

Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді»

Бүгін 14:54

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі»

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);