AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 45000 үй жануары чиптелді

Алматыда 45000 үй жануары чиптелді

Әлеумет 03.09.2021, 06:25 1,241
Алматыда 45000 үй жануары чиптелді
almaty-akshamy.kz

Чиппен қатар жыл сайын ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцинация жүргізіледі



Бұл ақпаратты Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің бастығы Әйгерім Жақсылық Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Спикер қаңғыбас жануарлардың мәселесін болдырмау үшін микрочиптер орнатылатынын атап өтті. Көшеде олардың пайда болуының негізгі себептері - әлі де иттерді сыртқа босату, жоғалту және далаға тастап кету. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға немесе иесін жауапқа тартуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, алматылықтардың үй жануарлары туралы барлық деректер PetControl бірыңғай иттер мен мысықтарды сәйкестендіру деректер базасына енгізілетін болады.


Үй иттері мен мысықтарын стерилизациялау мен кастрациялау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 2024 жылға қарай Алматыда 28000 жануар осы процедурадан өтеді.



«Бағдарлама кезбе үй жануарларының санын гуманистік реттеуге бағытталған. Өйткені үй жануарларының ұрпақтары жыл сайын бұралқы жануарлардың популяциясын толықтырады. Стерилизация мен кастрация бағдарламасы жылына 2 рет, ақпан мен тамызда жүргізілетін болады», - деді Әйгерім Жақсылық.



Үстіміздегі жылы үй жануарларын тегін стерилизациялау және кастрациялау бағдарламасы 4000-ға жуық ит пен мысықты қамтуды жоспарлануда. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр.  51,747 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді.  Бағдарламаның басталуы қыркүйектің ортасына жоспарланған.


Қаңғыбас жануарларды гуманистік реттеу бағдарламасы аясында жануарларды ұстау шарттарын ескере отырып, паналайтын орындардың жұмысының бірыңғай тәртібін әзірлеу жоспарлануда.


Алматы қаласында үй жануарларын ұстау мен серуендеу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ерікті жануарлар құқығын қорғаушылар жүргізетін болады. Бірақ полиция мен ветеринарлық қызметкерлер жануарларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #үйжануарлары #чиптеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:17

Алматы білім беру хабына айналуда: Innotech университеті Arizona State University серіктестігімен іске қосылады

Бүгін 12:14

Бүгін – Халықаралық би күні

Бүгін 12:05

1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 11:48

Айына неше келі ет жейсіз?

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика