AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 43-тегі ер адамға 45 жастағы азаматтың жү...

Алматыда 43-тегі ер адамға 45 жастағы азаматтың жүрегі салынды

Медицина 29.01.2025, 14:26 1,129 Нұржамал ӘЛІШ
Алматыда 43-тегі ер адамға 45 жастағы азаматтың жүрегі салынды
University Medical Center

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да екінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. 6 сағатқа созылған күрделі операция University Medical Center-пен бірлесіп белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен өтті. 
Дәрігерлер ми өлімін анықтағаннан кейін, туыстары қайтыс болған Алматы облысының тумасы 45 жастағы ер адамның органдарын алуға келісімін берді.

Олардың келісімінің арқасында Қазақстанның 4 азаматының өмірі, олардың арасында "дилатациялық кардиомиопатия (уытты)" күрделі жүрек ауруына шалдыққан 43 жастағы ер адамның өмірі құтқарылды. 5 жыл бойы энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынуы дәрі-дәрмек терапиясын қабылдамайтын жүрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысына әкелген. 
Науқасты аздаған физикалық жүктемеде ауа жетіспеуі, 50 метр жүру кезінде ентігу, қалыпты жағдайда, жатқан кезде ентігудің жоғарылауы, тез шаршау және жалпы әлсіздік мазалаған. Жағдайының нашарлауы 2023 жылдың желтоқсанынан бастап байқала бастады. 

"Елімізде кардиохирургия мен кардиореанимацияның даму деңгейі жүректі трансплантациялау операцияларында оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Юрий Владимирович бастаған UMC командасына көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз. Органдарды трансплантациялау бойынша операциялар медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігін талап етеді", – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Марат Орынбасарұлы донордың туыстарына да алғысын білдірді: «Донорлыққа өз еркімен келісім беру, адамдардың өмірін сақтап қалуға дайын болу – адамгершілік пен мейірімділіктің үлгісі. Органдарды алуға келісім берген донордың туыстарының игі ісі зор құрметке ие.

"Науқастың жағдайы операцияның ауырлығына сәйкес қалыпты. Динамика тұрақты. Оның жолы болып, оған донор табылды. Кейбіреулер ағзаны жылдар бойы күтуі мүмкін, бірақ олар ұзақ күте алмайды. Мұның бәрі сәйкес донордың болуына байланысты. Пациенттердің көпшілігі, өкінішке орай, трансплантацияға жетпей қайтыс болады. Жүрек трансплантациясынсыз өмір сүру ұзақтығы аз. Ауыр жүрек аурулары тез өршиді және шұғыл емдеуді қажет етеді", – деп атап өтті клиниканың 1-ші басшысы. 

Институттың кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев: "Жүректі трансплантациялау-күрделі операциялардың бірі, алайда біздің алған тәжірибеміз, дағдыларымыз, клиникамыздың техникалық жарақтандырылуы оларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді", – деді. 

Айта кету керек, донордан екі бүйрек, өкпе, сонымен қатар көз қабығы алынды. Бүйрек Жетісу облысының тұрғыны 17 жастағы науқасқа А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында және  астаналық 18 жастағы пациентке University Medical Center-де трансплантацияланды, өкпе – "UMC-те қостанайлық 43 жастағы пациентке, көз қабығы кератопластикасы екі реципиентке трансплантацияланды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2025 жылғы 10 қаңтарда жүрек трансплантациясын күту парағында 140 ересек адам және 5 бала тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кардиология #жүрек #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);