Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 300 мыңнан астам адам ерікті болып жұмыс...

Алматыда 300 мыңнан астам адам ерікті болып жұмыс істеген

Әлеумет Бүгін 12:21 42
Алматыда 300 мыңнан астам адам ерікті болып жұмыс істеген
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Тұрақты даму үшін еріктілердің халықаралық жылы аясында еріктілер қозғалысын дамытып, 2030 жылға дейінгі жаңа Тұжырымдаманы қалыптастыруға бағытталған бірнеше іс-шара өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері мен еріктілердің өздері де қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде еріктілер ұйымының өкілдері хабарлады.

«Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюктың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда еріктілердің деңгейі өсіп, олар азаматтық қоғамның маңызды бөлігіне айналған.

«Волонтерлік ұйымдардың саны 2020 жылы 224-тен былтыр 810-ға дейін төрт еседей өсті Сонымен қатар еріктілердің саны да айтарлықтай артты. 2020 жылы шамамен 50 мың белсенді қатысушы болса, бүгінде олардың саны 300 мыңнан асты. Бұл алты еседен астам өсім. Жыл сайын елімізде 60 мыңнан астам ерікті жұмысқа тартылады», - деді Татьяна Миронюк.

Оның айтуынша, саланы дамыту өңірлермен әріптестікке, халықаралық ынтымақтастыққа және мемлекеттік органдармен жүйелі өзара іс-қимылға негізделген. Қазіргі уақытта салалық министрлікпен бірлесіп, еріктілерді қолдаудың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, онда қозғалысты қатысушылардың ұсынысын да ескереді.

«Біздің міндетіміз кездесу өткізу ғана емес, жергілікті жердегі еріктілердің қауымдастығын оқыту, күшейту және олардың пікірін есту арқылы тиімді әрі тұрақты қолдау жүйесін қалыптастыру», - деп атап өтті спикер.

Алматыдағы еріктілердің фронт-офисінің жетекшісі Қымбат Нұрдәулет қалада қозғалыс едәуір өсіп, жастар оған белсене қатысып жатқанын айтады.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша фронт-офис 58 мыңнан астам еріктіні біріктіріп, 2000-нан астам іс-шара ұйымдастырды. Жұмыс экологиядан бастап төтенше жағдайларға дейін жеті бағыт бойынша жүргізіледі», - деді.

Қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесті де атап өтті. «НаркоСтоп» жобасы аясында 18 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылып, киберволонтерлердің көмегімен 197 заңсыз интернет-ресурс бұғатталған.

2026 жылы Алматыда бірнеше жаңа бастаманы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында еріктілер сағатын есепке алу, ынталандыру жүйесі мен «еріктінің паспорты» енгізілетін бірыңғай цифрлық экожүйені қалыптастыруға бағытталған «Almaty Volunteers 2026» қалалық бағдарламасы бар. Сонымен қатар ұйымдар арасында әлеуметтік бастамаларды эстафета ретінде жеткізу арқылы өзара көмек мәдениетін нығайтуды көздейтін «Алматы Жақсылық эстафетасы» жобасы іске қосылады. Экологиялық бағыт «Eco Almaty Volunteers» қозғалысы арқылы күшейіп, эко-сақшылар, сенбілік пен көгалдандыру акциясы ұйымдастырылады.

«Біздің мақсатымыз – еріктілердің жаңа экожүйесін қалыптастыру, оған қатысатындардың барлығын бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріп, еріктілер еңбегінің маңызын арттыру», - деді Қымбат Нұрдәулет.

Қатысушылардың пікірінше, Еріктілердің халықаралық жылын өткізу өзара көмек мәдениетін нығайтып, жауапты азаматтық қоғамды дамытуға қосымша серпін береді.

Кездесулер қорытындысы бойынша өңірлердің ұсынысы 2030 жылға дейінгі волонтерлік саласындағы жаңа мемлекеттік саясаттың негізіне айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерікті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық гимнасттар Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

Бүгін 12:43

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Бүгін 12:29

Алматыда әл-Фараби мұрасы мен цифрлық ортаның дінге ықпалын баяндайтын жаңа зерттеуді таныстырды

Бүгін 11:47

ҚазҰУ зерттеуі: күйзеліс пен тәуелділікке кім жиі ұшырайды

Бүгін 11:45

Алматыда әлеуметтік қақтығыстың басты себебін атады - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеуі

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика