AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 3 000-нан астам жас инженер бас қосты

Алматыда 3 000-нан астам жас инженер бас қосты

Әлеумет 21.02.2025, 22:39 828 Nursok82
 Алматыда 3 000-нан астам жас инженер бас қосты
Қайрат Қонысбаев

Алматыда халықаралық Almaty Tech Cup 2025 чемпионаты басталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

 Байқауға Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстанды қоса алғанда, 10 елден 3 000-нан астам жас инженер мен робототехник қатысуда. Робототехника, инженерия және дрон жарыстарында бақ сынайтын 400 команданың ішінде 20-сы шетелден келген. Чемпионаттың басты жүлдесі – Алматы қаласы әкімінің кубогы ең көп ұпай жинаған командаға беріледі.

Дрон жарыстары мен робототехника сайыстары әртүрлі жастағы қатысушылар үшін ұйымдастырылған – ең кішкентайынан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін. Үш күн бойы бағдарламалау, механика және дрон ұшыру шеберлері өз елін Хьюстонда (АҚШ) өтетін әлемдік чемпионат – FIRST Championship-те таныстыру құқығы үшін жарысады. Жеңімпаздар негізгі жүлдеден бөлек, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болады.

Айта кетейік, былтыр Алматы құрамасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа енген болатын. Бұған дейін Алматының жас инженерлері 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда және 2024 жылы Афинада өткен әлем чемпионаттарында үш мәрте алтын медаль жеңіп алды.

— “Робототехника, бағдарламалау және инженерия – ертеңгі күннің мамандарын даярлаудағы басты бағыттар. Almaty Tech Cup сияқты чемпионаттар оқушыларға тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс, сыни ойлау және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға көмектеседі. Қазақстан 2017 жылдан бастап халықаралық робототехника чемпионаттарына қатысып келеді және осы уақыт ішінде біздің оқушыларымыз зор жетістіктерге жетті. Қазақ жастарының әлеуеті өте жоғары екенін көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – Алматы әкімдігінің қолдауымен балалардың дамуына жағдай жасау. Almaty Tech Cup сынды чемпионаттар бұл бағыттағы маңызды құрал болып табылады”, – деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Almaty Tech Cup 2025 – Орталық Азиядағы биылғы жылдың ең ірі инженерлік-техникалық оқиғасы. Чемпионат «Атакент» көрме кешенінің №11 павильонында өтуде. Бағдарламада дрон жарыстарының ASPAN Cyber Race, ASPAN Drone Competition, ASPAN Whoop Race және ASPAN Drone Race сияқты бағыттары бар. Сонымен қатар, әртүрлі жастағы қатысушыларға арналған робототехника сайыстары ұйымдастырылған:

 • FIRST LEGO LEAGUE Discover (4-6 жас)

 • FIRST LEGO LEAGUE Explore (6-12 жас)

 • FIRST LEGO LEAGUE Challenge (12-16 жас)

 • FIRST Tech Challenge (16-18 жас)

22 ақпанда іріктеу кезеңдері өтсе, финалдық ойындар мен марапаттау рәсімі жексенбі, 23 ақпанда өтеді. Чемпионат туралы толық ақпаратты ресми сайттан алуға болады: almatytechcup.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инженер #роботехника #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);