Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 280 мыңнан астам оқушы дәстүрлі білім бер...

Алматыда 280 мыңнан астам оқушы дәстүрлі білім беру форматына оралады

Әлеумет 12.08.2021, 11:16 1,417
Алматыда 280 мыңнан астам оқушы дәстүрлі білім беру форматына оралады
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматының білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты. Санитарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылатын болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылатын болады.



«Шамамен қала мектептерінде 1-ден 11-сыныпқа дейін 280 мыңнан астам бала оқиды. Бүгінде 30 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады», - деді Ләззат Жылқыбаева.



Білім басқармасының басшысы мектептерде белсенді дайындық жүріп жатқанын, денсаулығына байланысты емделіп жүргендерді қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің 100% екпе алғанын атап өтті.



«Біз балалардың офлайн режимінде оқуын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз, өйткені мұғалімдер мен оқушылар арасындағы тікелей қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайды. Бүгінде барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасының қатысушылары болып табылады және қажетті мөлшерде дезинфекциялаушы және антисептикалық заттармен қамтамасыз етілген», - деп қосты Ләззат  Жылқыбаева.



Дәстүрлі оқыту форматына көшу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.



«Мектептерде температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету, кварц, тазалау, ішкі режим, есік тұтқаларын антисептикпен өңдеу, дәретхананы жиі жуып тұру әр 2-3 сағат сайын жүргізіледі», - дейді білім басқармасының басшысы.



Сонымен қатар, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының мектепке бөлек (балалар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мектепке әр түрлі кіреберістен жіберіледі) кіруі қарастырылған.


Ләззат Жылқыбаева Алматыда оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар сақталғанын баса айтты. Сонымен бірге классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен мектепке баруға рұқсат етіледі.


Айта кетерлігі, биыл Білім күні мектеп аумағында линейка форматында ашық аспан астында барлық мектептердің 1 сынып оқушыларына арналған Әліппе/Букварь тапсыруымен өтеді.


2-11 сынып оқушылары үшін бекітілген аудиторияларда сынып сағаты өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #жылқыбаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика