Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 259 мыңнан астам зейнеткер және 42 мың кө...

Алматыда 259 мыңнан астам зейнеткер және 42 мың көпбалалы отбасы әлеуметтік қолдаумен қамтылған

Барлығы 10.11.2025, 15:55 449
Алматыда 259 мыңнан астам зейнеткер және 42 мың көпбалалы отбасы әлеуметтік қолдаумен қамтылған
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының 2025 жылы қазан айындағы дерегінше, Алматыда 259 614 зейнеткер тұрады.

Сонымен бірге қалада 42 056 көпбалалы отбасы бар, олардың ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқамен марапатталған 6 488 ана бар. Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Басқарма мамандары биылғы тоғыз ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет ұсынды. Осы кезеңде қаладағы 14 «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына 8 235 адам жүгінген, оларға жалпы 455,3 мың қызмет көрсетілді. Сонымен қатар мемлекеттік «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жұмыс істейді. Оның Бостандық ауданында екі және Медеу ауданында бір бөлімшесі бар. Аталған орталықтарға күн сайын 569 зейнеткер барады, ал биыл 24 153 азаматқа 333,1 мың қызмет көрсетілген.

Отбасы институтын қолдау бағытында «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығының да жұмысы жалғасып тауып отыр. Қазіргі уақытта бұл орталықта 11 336 адам тіркелген. 41,9 мың адам ақпараттық-ресурстық қолдау алған, 6,1 мың адамға құқықтық және әдістемелік кеңес берілген, 2,7 мың адам оқыту бағдарламалары мен тренингтерге қатысқан, 237 адам жұмыспен қамтылған, ал 45 адамға 400 АЕК-ке дейінгі гранттар берілген.

2025 жылы қаңтардан бастап Алматыда өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді көмек көрсететін Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Жыл ішінде орталыққа 956 адам тіркеліп, 2,8 мың азамат қолдау алған. 439 адамға психологиялық көмек, 242 адамға құқықтық кеңес көрсетілді, 118 рет мобильді топтардың шығуы ұйымдастырылды, 989 жеке жұмыс жоспары әзірленді.

Балаларға бағытталған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы бойынша қалада 16 бөлімше жұмыс істейді. Аз қамтылған отбасыдан шыққан 2 947 бала осы бағдарлама аясында білім алып жүр. 298 педагог дәріс береді, оның 228-і – халықтың әлеуметтік осал тобы (ХӘОТ) санатына жататын мамандар.

«Тәуелсіз өмір мектебі» жобасымен 432 адам қамтылған. Отбасылар мен балаларды қолдауға бағытталған «Жарқын өмір», «Жаңа өмір» және Isker isi әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылуда.

Алматыда «Иппотерапия – бейімделген ат спорты» жобасы да жүзеге асырылып жатыр. Жобаға 50 ерекше қажеттілігі бар бала қатысып отыр. Сонымен бірге Қалалық әлеуметтік интеграция орталығында арт-терапия, театр-терапия және музыка-терапия бағдарламаларына жүздеген тұрғын қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зейнеткер #отбасы #әлеуметтік қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика