ffin.kz

Алматыда 258 құжаттың күші жойылды

Алматыда 258 құжаттың күші жойылды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Техникалық реттеу департаменті жарты жыл ішінде сәйкестікті растайтын 258 құжаттың күшін жойды

Бұл деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «ҚазСтандарт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша, сондай-ақ Ұлттық аккредиттеу орталығының өкілдері айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Департамент 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 417 тексеру жүргізді, оның 96% - ы техникалық реттеу және аккредиттеу саласындағы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде құрылыс материалдарына, электр және өнеркәсіптік тауарларға, сондай-ақ көлік құралдарына қатысты 258 сәйкестікті растау құжаттары жойылды. Жұмыс қорытындысы бойынша 27,1 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды, сегіз субъектіні аккредиттеу аттестаттары тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 8 аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 15 807 298 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков.

Бүгінгі таңда Департамент субъектіге (объектіге) бармай-ақ, 359 профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді, оның ішінде барлық 359 жағдайда заңнаманы бұзу фактілері анықталды.

Мемлекеттік бақылау бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізушілерге, сондай-ақ аккредиттеу субъектілеріне, мұнай өнімдерін, көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін, электр және өнеркәсіптік тауарларды жеткізушілер мен өткізушілерге  қатысты жүргізілді.

  • Бұдан басқа, Алматы қаласы мен қала аудандарының прокуратурасымен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан 21 бірлескен тексеру жүргізілді.
  • Тексеру нәтижесінде 19 жағдайда белгіленген тәртіппен тексеруден өтпеген өлшем құралдары қолданылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабын бұзу болып табылады.
  • Барлығы – 2500 өлшем құралы тексерілді, оның ішінде 247 өлшем құралы қолдануға жарамсыз деп танылды.

2024 жылы Департамент атына жеке және заңды тұлғалардан өнімнің сәйкестігін растауды, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша 679 өтініш пен хат келіп түсті. Келіп түскен 218 өтініштің 56-сы басқа мемлекеттік органдарға жіберіліп, 162-сін Департамент қарады.

«Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері тұрақты негізде мемлекеттік тілде орыс тіліне аударылып, олардың шағымдану құқықтары түсіндіріліп беріледі. Келіп түскен барлық өтініштер бойынша заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді», - деп атап өтті Қ.Қабылбеков. 

Департаментте «сенім телефоны» жұмыс істейді, ол бойынша әрбір заңды немесе жеке тұлға Департамент қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарлай алады. Оның нөмірі 392-15-03.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21