конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2025 жылы қандай жолайрықтарын салу мен к...

Алматыда 2025 жылы қандай жолайрықтарын салу мен көшелерді ұзарту аяқталады

Әлеумет 06.12.2024, 14:26 593
Алматыда 2025 жылы қандай жолайрықтарын салу мен көшелерді ұзарту аяқталады
Алматы әкімдігі

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар мегаполистің үш жылдық бюджетін бекітті.

Онда көлік инфрақұрылымының бірқатар жобаларын аяқтауға қаражат қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрығының құрылысын аяқтау және Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі, сондай-ақ Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Келесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км  ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40% - ға төмендеуі күтілуде.

Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар.  

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағын абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда. 

Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.

Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдерінің асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды.

Айта кету керек,жолайрығы  пайдалануға берілгеннен кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15% - ға, Сейфуллин даңғылының  өткізу қабілеті 20% - ға артады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолайрық #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгертілген учаскелердің тізімі

Бүгін 19:22

Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету

Бүгін 19:04

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Бүгін 18:00

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Бүгін 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);