ffin.kz

Алматыда 2023 жылдың 1шілдесінен не өзгереді?

Алматыда 2023 жылдың 1шілдесінен не өзгереді? Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Әсел Бөденееваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еске салайық, бағдарлама меншік иелерінің қаражаты есебінен салаға инвестиция тартуды, табиғи монополиялар саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысының деңгейін арттыруды, табиғи монополиялар саласына озық инновацияларды енгізуді ынталандыру арқылы одан әрі реттеуді көздейді.


«Тарифті инвестицияға алмастыру» қағидасы бойынша тарифтік саясатты реформалау аясында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары басталып кетті.


Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертуге және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайтуға келесілер тұрғысынан құқықтық негіздер қалыптастырылды: 


- жөндеу жұмыстарын ұлғайту үшін инвестиция тарту;
-     аймақтағы орташа салалық деңгей бойынша жұмысшылардың жалақысын өзгерту;


 -    иесіз желілер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалған шығындарды өтеу.


Әсел Бөденееваның айтуынша, желілердің тозу деңгейі бойынша қызыл аймақта 67,9%-ға дейін тозған «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС және 92,67%-ға тозған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бар.


59,2%-ға тозған «Алматы жылу желілері» ЖШС мен тозу деңгейі  61,5%-ды көрсеткен «Алматы электр станциялары» АҚ сары аймақта болса, сумен қамту деңгейі -56,4% және 57,8% болған «Алматы су» ШЖҚ МКК жасыл аймақта тұр.



«Департамент Энергетика министрлігімен және Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен бірлесіп, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС, «Алматы су» ШЖҚ МКК және  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 2023-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларын өзгерту туралы өтініштерін қарады. Берілген өтінімдер негізінде 2023 жылғы 26 мамырда Алматы қаласы бойынша Тарифтік саясат кеңесінің жанындағы Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтерді белгілеу жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті», - деді ӨКҚ спикері.



Ұсынылған шараларды қарау кезінде объектілердегі апаттар жағдайлар мен тозу деңгейі, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын орындауға дайындық кезеңіне қарай(жобалық-сметалық құжаттаманың, сараптамалық қорытындылардың болуы) сәйкесінше, негізгі құралдардың тозуына әсер етпейтін шаралар алынып тасталды.


 Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламалар жобалары департаментінің енгізген өзгертулеріне байланысты Энергетика министрлігі мен Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының қатысуымен жиналыстар өтті.


Қазіргі уақытта бірлескен бұйрықтар сәйкес мемлекеттік органдарда келісімнен өтуде. Инвестициялық бағдарламалардың қосымша шараларының көлемі:
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 5 035 653,75 мың теңгені құрады (тариф есебінен);
«Алматы Су» ШЖҚ МКК сумен жабдықтау бойынша 1 447 627,00 мың теңгені құрады, су тарту бойынша 1 269 335,00 мың теңгені құрады (тариф есебінен);
- «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС 1 602 548,07 мың теңге, оның ішінде 1 157 462,18 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 445 085,89 (тариф есебінен);
- «Алматы жылу желілері» 13 938 078,44 мың  теңге, оның ішінде 12 538 316,91 мың теңге жергілікті бюджет есебінен, 1 399 761, (тариф есебінен).
 
Бұл қаражат табиғи монополиялар субъектілерінің желілері мен жабдықтарын реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталадыж. Осылайша 2023 жылға кәсіпорындар бойынша орташа тозуды 1%-ға төмендетуге әкеледі.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кәсіпорындардың негізгі қорларын тариф есебінен, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатын тарту есебінен реконструкциялау және жаңғырту жоспарлануда.


«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ: 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада қосымша шараларды (+1,40 км және + 1 455 бірлік техника) ескере отырып, 132,84 км желіге және 3833 дана жабдыққа (0,67%-ға тозуы азайған) жөндеу жұмыстары жүргізіледі, жөндеу жұмыстарының көлемі 134,24 км желіні және 5 288 бірлік техниканы құрайды, бұл тозуды 1,42%-ға азайтады. 


«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС: 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада қосымша шараларды (жабдықта +42 жабдық) ескере отырып, 34 жабдықты жөндеу қарастырылған, жөндеу жұмыстарының көлемі 76 жабдықты құрайды, бұл тозуды 1,2%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 


 «Алматы жылу желілері» ЖШС: 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада қосымша шараларды (+1,35 км және +490 бірлік техника) ескере отырып, 1,3 км желіні және 383 дана жабдықты жөндеу (тозудың 0,33%-ға төмендеуі) көзделген, жөндеу жұмыстарының көлемі 2,65 км желіні және 873 бірлік техниканы құрайды, бұл тозуды 0,2%-ға азайтады.


«Алматы Су» ШЖҚ МКК: сумен жабдықтау бойынша 2023 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада қосымша шараларды (+14,88 км) ескере отырып, 21,32 км желілерді жөндеу (тозуды 0,33%-ға төмендету) қарастырылған, жөндеу жұмыстарының көлемі 36,2 км сумен жабдықтау желілерін құрайды, бұл тозуды 0,49%-ға азайтады. Су бұру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламада қосымша шараларды ескере отырып (+1,03 км), 1,03 км желілерді реконструкциялау (тозудың 0,05%-ға төмендеуі) қарастырылған, жөндеу жұмыстарының көлемі - 2,06 км сумен жабдықтау желілері, бұл тозуды 0,1%-ға азайтуға мүмкіндік береді. 


«Алматы электр станциялары» АҚ да инвестициялық бағдарламасы мен тарифін өзгертуге өтінім береді деп күтілуде. Бұл ретте қосымша тартылған инвестициялардың мақсатты пайдаланылуы есептерді қарау шеңберінде де тексерілетін болады.


Биыл жұмыс жүргізіліп жатқан объектілерге  пресс-турлар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын іске асыру мониторингіне жұртшылық пен мүдделі тараптарды белсенді қатыстыру көзделеді.


 Айта кетейік, Энергетика министрлігінің осы жылғы 26 мамырдағы бұйрығымен электр энергиясына шекті тарифтер көтерілді. Электр энергиясы сумен жабдықтау, су бұру,  электр энергиясын беру және жылу көздері үшін негізгі стратегиялық тауар болып табылады.


Бүгінгі таңда инвестициялық бағдарламалардағы өзгерістер, стратегиялық тауарлар құнының өсуі, иесіз желілер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалған шығындардың орнын толтыру, аймақта  орташа салалық деңгейде қызметкерлердің жалақысын өзгерту негізінде тарифті оның қолданылу мерзіміне дейін өзгертуге төрт базалық субъектіден өтінімдер берілді. 


Инвестициялық бағдарламалардың өзгеруіне байланысты тарифті өзгерту бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және қаланың басқа да мүдделі тұлғаларын шақырумен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.


Сондай-ақ, тарифтерді өзгертуге өтінімдер жобаларында стратегиялық тауарлар бойынша шығындар, иесіз желілер мен жабдықтарды ұстауға арналған шығындар баптарын және еңбекақы қорын өзгерту қарастырылған.


Жалпы алғанда, жобалар бойынша барлық құрамдас бөліктерді есепке алғанда тарифтердің мәлімделген өсімі жылумен жабдықтау саласында 43%, электр энергиясын беруде 40%, сумен жабдықтау және су тартуда 44% құрайды. 


Департамент өз кезегінде, тарифтерді өзгертуге өтінімдердің жобалары Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес қаралады және тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілмейді.
 Жалпы, атқарылған жұмыстар Алматы қаласы бойынша негізгі құралдардың тозуын азайтуға, апаттық жағдайларды азайтуға, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


 Сонымен қатар, осы «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тарифтердің көтерілетінін ескере отырып, халықтың мұқтаж топтарына тұрғын үй көмегінің тетігі арқылы қолдау көрсетілетін болады.
Тарифтер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51