Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні түске дейін Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Мемлекет басшысы.