AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2022 жылы дәрі-дәрмек сатып алуға 20 млрд...

Алматыда 2022 жылы дәрі-дәрмек сатып алуға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Әлеумет 18.02.2022, 08:43 2,078
Алматыда 2022 жылы дәрі-дәрмек сатып алуға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
aikyn.kz

Дәрі-дәрмектерді жеткізу қаңтар айының ортасынан бастап бекітілген кесте бойынша басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Спикер тегін дәрі-дәрмекпен бюджет қаражаты есебінен ТМККК шеңберінде 35 нозология бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер, сондай-ақ МӘМС пакетінде 41 нозология бойынша ересектер, 63 нозология бойынша балалар қамтамасыз етілетінін хабарлады.



Сонымен қатар, дәрі-дәрмектермен қан айналымы жүйесі, ас қорыту органдары, қан өндіру органдары, эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану және зат алмасудың бұзылуы, сүйек-бұлшық ет жүйесі және жүйке жүйесі аурулары, психикалық ауытқушылық, кейбір инфекциялық және паразиттік аурулар, ісіктер, тыныс алу органдарының аурулары, несеп-жыныс жүйесі және т.б аурулары бар пациенттер қамтамасыз етіледі.



Мысалы, 2021 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде пациенттерді амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету үшін 24,8 млрд теңге сомасында қаржыландыру бөлінді. ТМККК аясында – 219 мыңнан астам пациент, МӘМС пакеті шеңберінде – 26 мыңнан астам ересек пациент, сондай-ақ 40 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді.



«2022 жылға 20 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек сатып алуға өтінімдер келісілді. Олар бойынша жеткізу қаңтардың ортасынан бастап бекітілген кесте бойынша басталды», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.



Қажет болған жағдайда пациенттер 1439 қысқа нөмірі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша СК-Фармацияның байланыс орталығына хабарласа алады, қалалық және ұялы телефондар үшін қолжетімді. Барлық қоңыраулар тегін.


Байланыс орталығының операторлары жүгінген пациенттерге тегін әрі қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері мен күндері туралы ақпарат береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрі #Тілеухан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін 10:25

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);