Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2021-2025 жылдар аралығында 708 ескі үйді...

Алматыда 2021-2025 жылдар аралығында 708 ескі үйді сүріп, жаңасын салу жоспарланып отыр.

Әлеумет 02.06.2021, 13:52 2,903
Алматыда 2021-2025 жылдар аралығында 708 ескі үйді сүріп, жаңасын салу жоспарланып отыр.
Сурет: astana.gov.kz

Алматыда 2021–2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясында ескі үйлерді сүру, тұрғындарды көшіру мәселесінің  қалай жүзеге асатыны белгілі болды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


«Алматы» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбековтің айтуынша, ескі үйлер сүріліп, олардың орнына көпқабатты жаңа үйлер салынады.


Тұрғындар уақытша баспанаға көшіріліп, құрылыс аяқталғаннан кейін олар 7–10 шаршы метрге артық жаңа пәтер алады. Ал қалған пәтерлерді инвесторлардың  сатуына болады.


Алматыда 2021-2025 жылдар аралығында 708 ескі үйді сүріп, жаңасын салу жоспарланып отыр. Бұған қоса, болашақта тағы 709 ескі үйді сүру кезекте тұр. Асқар Білісбековтің айтуынша, Алматыда ескі үйлердің шоғырлануы айтарлықтай жоғары. Ең маңызды нүктелер ретінде 1930–1975 жылдар аралығында салынған 1427 үй таңдалып алынған. Дәл қазір жүргізілетін жұмыстар екі кезеңге бөлініп отыр.


Бүгінде 708 ескі үйді сүріп, жаңасын салу жоспарланған. Олардың 458-і жеке инвестициялар есебінен, 280-і бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бюджеттік қарыз есебінен 250 үй жаңартылады.


Жалпы, ескі үйлерді сүру және ауыстыру барлық тұрғын 100 пайыз келісім бергенде ғана жүзеге асады. Өз кезегінде «Алматы» ӘКК АҚ басшысы Асқар Білісбеков Алматы тұрғындарын осы мәселелерді  белсенді талқылауға шақырды. Тұрғындарды мәжбүрлеп үйлерді бұзбайтынын да ескерте келе, 10 адамның біреуі бағдарламадан бас тартса, үйдің сүрілмейтінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үйлер #бұзу #снос #домов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика