AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 200-ден аса оқушы әскери білім ордасына б...

Алматыда 200-ден аса оқушы әскери білім ордасына барды

Әлеумет 17.10.2023, 08:59 1,196
Алматыда 200-ден аса оқушы әскери білім ордасына барды
Сурет: Gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.


Жасөспірімдерге әскери институтқа қабылдау тәртібі және мұнда оқудың артықшылықтары жайында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Жоғары оқу орнының кафедраларына барған кезде оқытушылар әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Балалар оқу сыныптарын аралап, казармада, спорт залында және асханада болды.



«Біздің жоғары оқу орнында бес инженерлік-техникалық мамандық бойынша офицерлерді оқытады. Бүгінгі таңда мұндай сала мамандары тек Қарулы Күштерде ғана емес, сонымен қатар экономиканың нақты секторында да сұранысқа ие. Сондықтан біздің институтта білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңдар», -  деді оқушылармен кездесу барысында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Дәуітов.



Оқушыларға оқу-жауынгерлік техника мен атыс қаруы үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Нұсқаушылар автоматты бөлшектеп-құрастыру әдістерін көрсетті, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию ережелерімен таныстырды.



«Бала күнімнен әскери адам болуды армандаймын. Бүгін мен көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алдым. Осы оқу орнына түсемін», – деді № 95-ші жалпы білім беру мектебі "Жас сарбаз" 9-сыныбының оқушысы Артем Смирнов.



Жоғары оқу орнын аралау бағдарламасы бойынша армия қоян-қолтық ұрысының элементтері және әскери ансамбль әртістерінің өнері көрсетілді.


Оқушылар ұйымдастырушыларға танымдық экскурсия үшін ризашылығын білдірді. Бұл олардың кейбірі үшін мамандық таңдауда маңызды қадам болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар #әскери білім ордасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);