AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 1,7 мыңнан астам түлек мектепті үздік біт...

Алматыда 1,7 мыңнан астам түлек мектепті үздік бітірді

Әлеумет 26.05.2025, 10:53 578 Bakyt
Алматыда 1,7 мыңнан астам түлек мектепті үздік бітірді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 11-сыныпты аяқтаған 18 мың түлекке арналған бірыңғай салтанатты «Мектебім, саған мың алғыс» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Алматы қаласы Білім басқармасына сілтеме жасап.

Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов ұстаздарға еңбектеріне адалдығы үшін алғыс білдіріп, түлектерге жаңа өмір жолында сәттілік пен табыс тіледі.

Алматы мектептерінің түлектері ұлттық және халықаралық деңгейде жоғары жетістіктер көрсетті. Қалалық команда республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бірінші орынды иеленіп, 66 медаль мен Гран-при жеңіп алды.

Алматының ұстаздары да ерекше көзге түсті. Биыл мектептерге мыңнан астам жас маман келіп, мұғалімдердің жалпы саны 27 мыңнан асты. «Алматы ұстазы» қалалық байқауының жеңімпаздары халықаралық тағылымдамадан өтті, ал Гран-при иегері қала әкімі атынан 5 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды. Сонымен қатар, алматылық педагогтер оқырмандық және математикалық сауаттылық бойынша республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болды. 

Жалпы, 2024–2025 оқу жылында Алматы қаласында 349 465 оқушы білім алды. Соның ішінде 18 мыңнан астамы – 11-сынып оқушылары. Айта кету керек, 1 764 түлек мектепті үздік бітірді, 670 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11-сынып оқушыларының 92,1 пайызы – яғни 17 522 адам – қатысатынын растады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);