ffin.kz

Алматыда №167 мектеп ұжымы көше тазалаушыларға ыстық тамақ таратты

Алматыда №167 мектеп ұжымы көше тазалаушыларға ыстық тамақ таратты Суреттер: Almaty-akshamy.kz

«Қайырымдылық»күніне орай коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ, шай таратылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. 




Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.




«Алматы қаласының көрікті, таза, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы болуына өз үлесін қосып жүрген адамдарға алғысымыз шексіз. Бұл еңбеккерлер таң атысымен жұмысқа кірісіп, күн батқанға дейін өз жұмыстарын адал атқарады. Айналысып жүрген істері өте жауапты, ауыр. Соған қарамастан аула сыпырушылар қоғамымызға игілікті ісімен пайда келтіріп, Алматы қаласының көркеюіне өз үлестерін қосып жүр. Бүгін №167 жалпы білім беретін мектеп ұжымы "Қайырымдылық жасау" күніне орай «Алматы тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жұмысшыларына табысты еңбек, бақыт, денсайлық тілей отырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді шешті. Әр адам біздің өмірімізді әсемдендіріп жүрген жандарға қамқорлықпен, құрметпен қараса, осындай игілікті шаралар атқарып отырса, өміріміз мәнді, қаламыз көркем бола түсері анық. Шілденің ыстығына, қаңтар мен ақпанның ақ қар, көк мұз аязына қарамастан өз еңбегімен біздің өмірімізді жеңілдетіп, қаламыздың таза болуын қамтамасыз етіп жүрген жандарға алғысымыз шексіз»,- дейді №167 жалпы білім беретін мектеп директоры Ғалия Нәлібаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20