ffin.kz

Алматыда 1300-ден астам пәтер пайдалануға беріледі

Алматыда 1300-ден астам пәтер пайдалануға беріледі Сурет: Egemen.kz

Биыл 68 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылы 16 тұрғын үйді, яғни 1305 пәтерді немесе 68 мың шаршы метр несиелік және жалдамалы пәтерлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жастар үшін ауданы 42 000 шаршы метр 1050 пәтер сатып алуға қаражат қарастырылған», - деп бастады өз сөзін ӨКҚ спикері.



Жалпы, ведомство өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі артты. 7 айда 54 315,4 млн теңге игерілді.


Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 150 көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. Нәтижесінде 7 912 пәтер салынады, оның жарты бөлігі (50%) Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен іске асырылды.



Айта кетсек, тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Оңалбаевтың айтуынша, құрылыс салушылар өз учаскелерінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салуды көздеп отыр.
 
 «Бүгінде қалада 25 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін "Қалқаман-2", "Қайрат", "Дархан", "Мәдениет" және "Нұркент" шағынаудандарында 7500 орындық 5 мектеп салынады. Сондай-ақ, 670 орындық қосалқы құрылыс нысанын салу арқылы №48, 191, 9 үш мектеп кеңейтіледі», - деді Ұлан Оңалбаев.



 "Жас қанат", "Саялы-2", "Айнабұлақ-4", "Ақжар" шағынаудандарында 920 орындық төрт жаңа балабақша салынады. Сондай-ақ басқарма қарамағында "Ақжар" және "Нұркент" шағынаудандарында 1350 орындық екі инновациялық шығармашылық орталық салу қарастырылған. Оларды пайдалануға беру 2023 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.


Құрылыс басқармасының өкілі №166, 129, 145, 15, 122, 141, 31 және Білім-Инновация мектебінің сегіз ғимаратының, сондай-ақ үш балабақшаның (№7, 113, 70) сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары туралы айтты.
 
Биылғы жылы "Саялы-2" және "Зерделі" шағынаудандарында 1100 орындық екі мектептің, №65, 101, 112, 148 және 59 мектептерде бес қосымша корпустың, "Жас қанат" және "Шұғыла" шағын аудандарында 580 орындық екі балабақшаның құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, №9, 10, 70, 80, 127 және 156 мектептері сейсмикалық нығайтудан өтеді.


Айта кетсек, биыл "Зерделі" шағынауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіби техникалық училищенің құрылысы басталады. Сондай-ақ, №2 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжі үшін 450 орындық қосымша құрылыс салу жобасы әзірленуде.
 
Ал жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 600 орындық 2 жатақхана салу жобасы әзірленуде (Алматы автомеханикалық колледжі және Алатау ауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан жатақханасы бар инновациялық технологиялар колледжі). Бұл нысандардың құрылысы 2023-2024 жылдарға жоспарланған.


Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары мен материалдарын тарату кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04