AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 110 миллион теңге жинаған қаржы пирамидас...

Алматыда 110 миллион теңге жинаған қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Заң мен тəртіп 13.04.2026, 10:12 196 Сұлу
Алматыда 110 миллион теңге жинаған қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Алматыда «Boxy Wealth» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталып, іс сот қарауына жіберілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдікті бір жыл бойы Алматы аумағында осы жобаның бөлімшесін басқарып келген. Тергеу барысында платформаның www.boxywealth.com сайты мен мессенджерлер арқылы жұмыс істегені анықталған.

Әуелі «Күнделікті табыс» чатында халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат жарияланып, кейін сол арқылы азаматтарды инвестициялық жобаға тарту жүзеге асырылған.

Жобаға қосылу үшін қатысушыларға әртүрлі пакеттің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды көру ұсынылған. Есесіне оларға тәулігіне 5–10 пайызға дейін табыс түсетіні айтылған.

Бұдан бөлек, жаңа адамдарды тартқандарға бонус беретін рефералдық жүйе де қолданылған. Салымшылардан түскен қаражат жеке тұлғалардың, яғни дропперлердің шоттарына қабылданып, кейін P2P операциялары арқылы криптовалютаға айналдырылып отырған.

Тергеу дерегіне сүйенсек, сенім ұялату үшін компания ресми тіркеліп, кеңсе ашылған, жарнама жүргізілген. Сондай-ақ, «табыс» көрсеткіштері көрсетіліп, салымшыларға түрлі кеңес берілген.

Нәтижесінде 78 адам аталған қаржы пирамидасына 110 миллион теңгеден астам қаражат салған.

Қазір күдікті қамауға алынған. Сот шешімімен оның Алматы қаласындағы жер теліміне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға кез келген инвестициялық жобаның заңдылығын мұқият тексеріп, уәде етілген мәліметтің шынайылығына көз жеткізіп барып қана қаржы салуға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қаржы пирамидасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);