Нейробиологтар ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда ертерек қартаятынын анықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жас келген сайын адамның басындағы сұрғылт заттың көлемі азаяды, ол гиппокамп — жадыға жауап беретін бөлік.
Бес мыңға жуық ерікті қатысқан зерттеу ер адамдардың ми қабығы жыл сайын 2 пайызға кішірейетінін көрсетті, ал әйелдерде – 1,2%. Гиппокамп ер адамдарда 1,5%-ға, әйелдерде 0,9 пайызға азая береді.
Әйтсе де Альцгеймер ауруы әйелдерде жиірек болады екен. Зерттеушілер мұны генетикаға әкеп тірейді. Әйелдердегі APOE4 гені деменцияға ұшырау қаупін жоғарылатады-мыс.
Десе де Альцгеймер ауруының себептері әлі де зерттеуді қажет етеді дейді ғалымдар. Зерттеу PNAS журналында жарияланған.