Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 10 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген аула...

Алматыда 10 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген аулалар абаттандырылады

Әлеумет 19.06.2024, 10:07 583
Алматыда 10 жылдан астам жөндеу жүргізілмеген аулалар абаттандырылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда тұрғындардың жайлылығы үшін аула аумақтарын күрделі жөндеу жалғасуда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен кездесу барысында Әуезов ауданындағы, Жандосов көшесі, 59/1, 59Б, 59В көшесіндегі 10 шағын аудандағы аула аумағын күрделі жөндеумен танысты. 

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев қала басшысына құрылыс - монтаж жұмыстары маусым айында басталып, биыл қазан айында аяқталады деп есеп берді. Оның айтуынша, күрделі жөндеу «АлматыБасЖоспар» ҒЗИ аула аумақтарын абаттандыру бойынша бекіткен әдістемелік құрал негізінде жүргізіледі.

Аулаларды аралау барысында Ерболат Досаев спорттық және балалар ойын алаңдарын жаңғыртуды, спорт алаңын жаңартуды, орындықтармен демалыс аймақтарын жабдықтауды тапсырды. Алматы әкімі қауіпсіздік пен жайлылық сияқты өлшемдерге ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, әкім барлық аула нысандарын бірыңғай кешенге біріктіру керектігін айтты. 

Аула тұрғындары Ерболат Досаевқа аумақты абаттандырғаны үшін алғыс айтып, әкімнен орта жастағы адамдарға арналған тренажерлер орнатуды сұрады. Ерболат Досаев аудан басшылығына жергілікті тұрғындардың өтінішін орындауды тапсырды.   

Айта кетерлігі, 10 шағын аудандағы 59/1, 59Б, 59В үйлер 1967 және 1969 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Соңғы рет мұнда жөндеу жұмыстары 14 жыл бұрын – 2010 жылы жүргізілді. 

Халықтың тығыздығы және көпқабатты тұрғын үйлердің көптігі байқалатын Әуезов ауданында аулаларды абаттандыру және жаңғырту бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады. Өткен жылы ауданда Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 150-ден астам аулаға жөндеу жүргізілді, ағымдағы жылы 23 аулаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 1,6 млрд теңге бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов ауданы #Ерболат Досаев #Жайлы қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Бүгін 10:49

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика