Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы зообағында амур жолбарысының күшіктері дүни...

Алматы зообағында амур жолбарысының күшіктері дүниеге келді

Барлығы 26.09.2025, 18:14 515
Алматы зообағында амур жолбарысының күшіктері дүниеге келді
Алматы әкімдігі

Алматы зообағында көптен күткен қуанышты оқиға болды – 6 жастағы Бентли мен 5 жастағы Айки есімді амур жолбарыстарының жұбынан екі еркек жолбарыс күшігі дүниеге келді. Бұл – соңғы жылдардағы алғашқы төл және Қызыл кітапқа енген сирек түрді сақтауға қосылған маңызды үлес. Бұл туралы Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлады.

Амур жолбарысы жойылып кету қаупі бар түрге жатады. Сондықтан мұндай жануарлардың зообақ жағдайында көбеюі генетикалық алуандықты сақтауда және популяцияны қорғауда аса маңызды рөл атқарады.

Жолбарыстар жұбын қалыптастыру оңай емес: табиғатынан олар – жалғыз жүретін жыртқыштар. Зообақ мамандары жолбарыс серігін мұқият таңдап, вольерді дайындап, жануарлар өздерін қауіпсіз сезінетін жағдай жасады. Соның арқасында сау төл алуға мүмкіндік туды.

Жолбарыс күшіктері 14 маусымда дүниеге келіп, алғашқы айларын арнайы тыныш аймақта өткізді. Бұл – шу мен сыртқы дыбыс пен көзге түсетін әсерлерді азайтатын арнайы вольер. Мұндай жағдай аналық жолбарыстың күйзелісін төмендетіп, төлдің дұрыс дамуына қажет.

«Амур жолбарыстарының аналықтары өте мықты аналық түйсігі бар және оқшаулануды қажет етеді. Алғашқы айларда төлін қорғау үшін кез келген сыртқы дыбыс пен көзге түсетін әсерлерге аса сезімтал болады. Сондықтан біз оған акустикалық және визуалдық әсері төмен орта жасадық. Үш айға дейін жолбарыс күшіктері «сезімтал кезеңнен» өтті. Бұл уақытта артық дыбыс пен иіс аналықтың мазасыздануына, соның салдарынан төлдің дамуына әсер етуі мүмкін. Осы уақыт бойы отбасы күнделікті ветеринарлық бақылауда болды. Қазір карантин аяқталды, күшіктердің жағдайы жақсы, нағыз жолбарысқа тән қылықтарын көрсете бастады», – деді зообақтың бас ветеринарлық дәрігері Виталий Сачков.

Алдағы демалыс күндері анасымен бірге жолбарыс күшіктері жаңа вольерге көшіріледі. Онда келушілер Алматы зообағының жаңа тұрғындарымен таныса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зообақ #жолбарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:22

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Бүгін 11:58

Бас прокуратура қазақстандықтарды Наурызға қатысты провокациялық мәлімдемелерден сақ болуға шақырды

Бүгін 11:53

Ертең салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады

Бүгін 11:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика