AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласы...

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Әлеумет 02.04.2026, 13:23 523
Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жастарды шығармашылық, спорт және ұлттық дәстүр негізінде жан-жақты дамытуға бағытталған қалалық бастамалар сериясы басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарлама аясында студенттер мен NEET санатындағы жастарды қосқанда ондаған мың жасты қамтитын жобалар жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек мәлімдеді.

Жобалар шығармашылықты дамыту, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ мәдени және рухани құндылықтарды нығайту сынды үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

«Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы жастарды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Біз олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеміз. Зияткерлік, шығармашылық, рухани және спорттық әлеуетін ашуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл міндеттер біз үшін басым бағыт болып қала береді», — деді Азиз Кажденбек.

Бастамаларды іске асыру нәтижесінде жастардың қоғамдық белсенділігі артып, олардың дамуын қолдаудың орнықты жүйесі қалыптаспақ.

Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 712,3 мың жас тұрады. Бұл қала халқының 32 пайызы. Оның ішінде 455,6 мыңы — жұмыс істейтін жастар, ал 307,8 мыңы — жоғары оқу орындары мен колледж студенттері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шығармашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көкжайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

Бүгін 20:46

«Алматы Су» сумен жабдықтау жүйесінің басқа компанияға берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 18:49

AI & Digital Bridge 2026: озық ЖИ шешімдері мен технологиялық жобалар

Бүгін 18:00

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестік дамып келеді

Бүгін 18:00

Онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);