конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы зергерлері жастарды қолөнермен айналысуға ш...

Алматы зергерлері жастарды қолөнермен айналысуға шақырды

Алматы Бүгін 14:10 39 yakiya
Алматы зергерлері жастарды қолөнермен айналысуға шақырды
Qosai брендінің коллекциясы

Алматы зергерлері жастарды қолөнермен айналысуға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан қолөнершілері күні қарсаңында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында DARA Zerger зергерлік брендінің негізін қалаушылар Асылбек Зейнішев пен Ботагөз Зейнішева дәстүрлі зергерлік өнердің маңызы, ұлттық қолөнер дәстүрін сақтау мен шеберлікті жас ұрпаққа аманаттап жеткізудің өзектілігі туралы айтып берді.

Асылбек Зейнішевтің айтуынша, зергерлік өнер жай ғана кәсіп немесе бизнес емес, ол қазақ халқының қаншама ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрінің жалғасы әрі ұлттық мәдени кодты сақтаудың да маңызды тетігі екен.

«Қазақ әшекейді сәндік мақсатта ғана қолданбаған. Олар терең мағынаға ие болып, отбасының, береке-бірліктің, ұлттық өнерді ұрпақтап ұрпаққа табыс ететін өнер сабақтастығының символы саналған», – дейді шебер.

DARA Zerger бренді қазақтың зергерлік өнерін жаңғыртып, оны жаңа көзқараспен дамыту мақсатында құрылыпты. Бренд шеберлері өз жұмысында ұлттық мұра мен замандық дизайнерлік шешімді үйлестіре отырып, қазақ зергерлік өнерінің тарихи негізін сақтауға ұмтылатынын жеткізді.

Спикердің айтуынша, білім мен тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу қолөнердің дамуына ерекше ықпал етеді. Сондықтан жастармен жұмыс істеуге, жас дизайнерлер мен шеберлерді оқытып, студенттер мен шығармашыл жастар арасында дәстүрлі қолөнерді кеңінен насихаттауға басымдық беріліпті.

Асылбек Зейнішев Алматының Орталық Азиядағы қолөнерді дамытатын жетекші орталықтың біріне айналып келе жатқанын да атап өтті. Қалаға халықаралық World Craft City («Әлемдік қолөнер қаласы») мәртебесінің берілуі Алматының бай мәдени мұрасы мен жергілікті шеберлердің жоғары кәсіби деңгейінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

«Бұл мәртебе халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, көрмелерге қатысып, қазақстандық қолөнер брендтерін әлемдік нарыққа шығаруға қолайлы мүмкіндік жасап отыр», – дейді ол.

Шебердің пікірінше, қолөнердің дамуы Алматының мәдени келбеті мен туристік тартымдылығына тікелей әсер етеді. Себебі қала қонақтары қолөнер бұйымы арқылы Қазақстанның тарихын танып, салт-дәстүрімен танысады.

DARA Zerger зергерлік шеберханасының дизайнері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Ботагөз Зейнішева соңғы он жылда Қазақстандағы қолөнер бұйымдарының сапасы мен түр-түрі едәуір артқанын айтты.

Оның сөзінше, саланың дамуына көптеген фестивальдер, көрмелер мен жәрмеңкелер серпін беріп келеді. Мұндай іс-шаралар шеберлерге өз жұмысын көпшілікке таныстырып, жаңа аудитория табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол алматылық қолөнершілер палатасының қызметін ерекше атап өтіп, ұйымның тәжірибелі де, жаңадан бастаған шеберлер үшін де тұрақты түрде қолжетімді алаңдар ұйымдастырып отырғанын жеткізді.

Ботагөз Зейнішева Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы ұстаздық қызметі туралы да айтып, талапкерлерді сәндік-қолданбалы өнермен байланысты мамандықты таңдауға шақырды.

«Қолөнер балалардан бастап кез келген адамға қолжетімді болуы тиіс. Бұл білімді сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу – ортақ міндетіміз», – деп атап өтті ол.

Спикердің айтуынша, қолөнер ежелден қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі болған. Сондықтан дәстүрлі білімді сақтап қана қоймай, оны күнделікті өмірге қайта енгізу керек. Бұл адамдардың шығармашылықпен айналысып, өзінің бар білгенін балаларына үйретуіне мүмкіндік береді.

Кездесу соңында спикерлер қолөнер өнерін дамыту елдің мәдени бірегейлігін сақтауға, Алматының халықаралық беделін нығайтып, шығармашылықпен айналысатын азаматтарға жаңа мүмкіндік береріне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зергер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

Бүгін 12:41

Алматылық қыш шебері көне технологиялардың осы заманғы өнерді дамытудағы рөлі туралы айтты

Бүгін 12:26

Алматы әлемдік қолөнер қаласы болуға ұмтылады

Бүгін 12:06

Үкімет рәміздер туралы жаңа ережелерді бекітті

Бүгін 11:05

Алматылық дәрігерлер науқасты салмағы 10 килограмнан асатын алып аналық без ісігінен құтқарды

Бүгін 10:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);