Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы - заман талабына икемделген қала

Алматы - заман талабына икемделген қала

Әлеумет 11.02.2025, 13:28 691
Алматы - заман талабына икемделген қала
Коллаж: Нұрбосын Өрісұлы

Алматы – ақылды технологияларды дамытуды белсенді жүзеге асырып жатқан Қазақстанның жетекші мегаполисі. Бүгінде қаланың цифрлық трансформациясы тұрғындар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, өмір сапасын жақсартуда маңызды рөлге ие. 

 Заман талабына икемделген қала

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған уақыттан бері Алматы IT саласына ерекше басымдық беріп келеді. Нәтижесінде мегаполистің дамуына үлес қосатын барлық қызмет сандық жүйеге ауысты. Мемлекеттік органдармен қатар, көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау мен білім беру, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласы да заман талабына сай цифрландырылды. Өз кезегінде бұл жаңашылдық заман талабына сай онлайн бағытта қызмет көрсететін мамандықтарға сұранысты арттырды. 

Алматы халқы цифрландыру үрдісіне белсенді түрде бейімделіп, жаңа технологияларды күнделікті өмірде қолдануды үйренді. Заман көшінен қалмай алға жылжып келе жатқан тұрғындар бүгінде мемлекеттік қызметтерге электронды жүйе арқылы қол жеткізуге дағдыланды. Қазір сауданы да үйден шықпай-ақ жасауға машықтанып алды. Бұл жағынан қала халқын онлайн сауда нарығында өте белсенді деп айтуға әбден болады. Салыстырмалы түрде осыдан он жыл бұрынғы халықтың өмір сүру дағдысын еске түсіріңізші...

 Кезекте тұру – қалыпты жағдай еді

Бұрын Алматыда немесе басқа қалаларда мемлекеттік мекемелерге, банк бөлімшелеріне, ауруханаларға барғанда ұзын-сонар кезекке тұру – қалыпты жағдай еді. Құжат рәсімдеу, коммуналдық төлемдер жасау, дәрігер қабылдауына жазылу сағаттап уақыт алатын. Бірақ цифрлық технологиялардың дамуы бұл мәселені айтарлықтай жеңілдетті.

Мәселен, бұрын қандай да бір құжат керек болып, ХҚКО-ға бару керек болса, қазір 90%-дан астам мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Egov Mobile қосымшасы – анықтамалар, құжаттар, балабақша кезегі, жер учаскесіне өтініш беру секілді қызметтер қолжетімді. Ал ЭЦҚ (Электрондық цифрлық қолтаңба) – кез келген құжатқа үйден шықпай-ақ қол қоюға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау жүйесі де цифрлық форматта. Бұрын ауруханаға жазылу үшін тіркеу бөлімінде ұзақ уақыт күту керек болатын. Қазір «Damumed» қосымшасы арқылы дәрігерге онлайн жазылуға болады. Бұған қоса, тұрғындарға электронды денсаулық карталары енгізілді. Енді қағаз құжат тасудың қажеті жоқ. Дәріханаларда рецепттер цифрлы форматта беріледі.

Естеріңізде ме, бұрын банк бөлімшелерінде коммуналдық төлемдер мен аударымдар үшін де ұзын-сонар кезекте тұратынбыз. Қазір Kaspi.kz, Halyk Homebank, Jusan Bank қосымшалары арқылы барлық төлемдерді онлайн жасауға болады. QR-кодпен төлем жүйесі кең таралды, кассаға барудың қажеті жоқ.

Қоғамдық көлікті алайық. Бұрын автобусқа немесе метроға міну үшін жолақыны қолма-қол төлейтінбіз, ал қазір «Оңай» картасы немесе мобильді төлемдер арқылы еш қиындықсыз төлей аламыз. Валидаторлар арқылы төлем жасау жылдам әрі ыңғайлы болды. QR-код билеттері енгізілді. Бұл да кезекті азайтуға көмектесті.

Бұдан бөлек, қазір базарға, дүкенге барып уақыт жоғалтпай-ақ, Glovo, Wolt, Chocofood, Yandex Go сияқты платформалар арқылы тамақ пен азық-түлікке тапсырыс беруді үйрендік. Ал маркетплейстер (Kaspi.kz, Wildberries, Ozon) арқылы үйден шықпай-ақ тауар сатып алуға мүмкіндік бар.

Қорыта айтқанда, цифрландыру бұрынғы ұзын-сонар кезектерді азайтып, уақытты үнемдеуге көмектесті.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді. Бұл бағытта Egov.kz және Smart Almaty платформалары жұмыс істейді. «Open Almaty» арқылы тұрғындардың өтініштері онлайн қабылданып, шешімін табуда. Қалалық қызметтерге арналған бірыңғай чат-боттар мен мобильді қосымшалар да қала жұртшылығы үшін қызмет етуде. 

«Цифрлы Алматы» жобалары алдағы жылдары мегаполисті заманауи әрі ыңғайлы қалаға айналдыра отырып, халыққа қызмет көрсетуді оңтайландыра түседі. Бүгінгі таңда шаһарда алматылықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#EGov Mobile #онлайн #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қос ішектің үні Нью-Йоркті тербетті: қазақ домбырасы әлем төрінде

Бүгін 14:21

"Үміті сөне жаздаған еді". Желіні тәнті еткен НИШ қызметкері эксклюзив сұхбат берді

Бүгін 14:10

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика