AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы тұрғындары экоакция барысында 1200-ден аста...

Алматы тұрғындары экоакция барысында 1200-ден астам пластик қақпақты қайта өңдеуге тапсырды

Алматы 02.07.2026, 12:23 307
Алматы тұрғындары экоакция барысында 1200-ден астам пластик қақпақты қайта өңдеуге тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматыда «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Эко-Трак» жобасы жұмысын жалғастырып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалдықты бөлек жинау тәжірибесін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Кезекті аула экоакциясы Mountain Drive тұрғын үй кешенінде өтті. Бұл кешеннің тұрғындары ECO Network және «Эко-Хаб» жобаларының негізін қалаушы Евгений Мухамеджанов ұйымдастырған экологиялық бастама аясында жеңімпаз атанған болатын.

Биыл 16 мамырда «Гүлдер» тұрғын үй кешенінде өткен алғашқы көшпелі іс-шарадан кейін алматылықтарға ауласының мекенжайын көрсетіп, өтінім қалдыру ұсынылған еді. Ең көп өтінім дәл Mountain Drive тұрғындарынан түскендіктен, «Эко-Трак» осы тұрғын үй кешеніне барды.

Акция барысында тұрғындарға мобильді экологиялық алаң қызмет көрсетті. Қатысушылар бөлек жиналған қалдықтарын қайта өңдеуге тапсырып, экологиялық тақырыптағы интерактивті іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ, олар пластик қақпақтарды ұсақтауға арналған велошредерлерді пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Экоакцияға шамамен 150 тұрғын қатысты. Соның нәтижесінде қайта өңдеуге 1200-ден астам пластик қақпақ жиналды. Сонымен қатар қатысушылар 10 кг макулатура, 5 кг пластик, 3 кг полиэтилен және 1 кг шыны бөтелке тапсырды.

«Эко-Трак» – Алматыдағы қалдықтарды бөлек қабылдауды ағартушылық және интерактивті бағдарламамен ұштастыратын алғашқы көшпелі экологиялық зертхана. Мұндай формат тұрғындарды қалдықтармен жауапкершілікпен жұмыс істеу қағидаларымен таныстырып, әртүрлі жастағы азаматтарды экологиялық бастамаларға тартуға мүмкіндік береді.

Осындай жобаларды жүзеге асыру қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамытуға, қала тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін арттыруға және Алматыда қалдықтарды тұрақты басқару жүйесінің дамуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады

Бүгін 18:00

Қазақстанның университеті Германиямен қос диплом бағдарламасын іске қосады

Бүгін 18:00

Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді

Бүгін 17:53

Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады

Бүгін 17:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);