Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындары «ALATAU CREATIVE HUB»-та өздерін...

Алматы тұрғындары «ALATAU CREATIVE HUB»-та өздерін шығармашылық тұрғыдан қалыптастырады

Әлеумет 02.09.2021, 14:17 758
Алматы тұрғындары «ALATAU CREATIVE HUB»-та өздерін шығармашылық тұрғыдан қалыптастырады
Сурет: Ftp.dknews.kz

Келушілердің саны жыл басынан бері 100 000 адамнан асып кетті.  


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев мәлімдеді. Ол өткен жылдан бастап қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматының Алатау ауданында арнайы шығармашылық хаб іске қосылғанын еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ғани Майлыбаевтың айтуынша, жаңа кеңістікте балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, коворкинг-кеңістік пен шеберлік сабақтарына арналған алаңдар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Келушілердің саны жыл басынан бері 100 000 адамнан асып кетті.



««Алматы-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі – шығармашылық индустрияны дамыту. Сондықтан мұнда Мұрат Мұтұрғановтың «Сен жұлдызсың» цирк өнері мектебі, Диана Шарапованың вокал мектебінің музыка курстары, «Art Bit» мультимедиялық өнер орталығы – өнердегі жаңа технологияларға бағытталған оқу-көрме орталығы тегін жұмыс жасайды. Хаб қазіргі заманғы өнер түрлерінен басқа, халықтық дәстүрлерді шығармашылықпен зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай үйірмелердің бірі – Etnokonstruktor - халықтық дәстүр рухындағы ойын», - деді Ғани Майлыбаев.



Мәдениет басқармасы басшысының пікірінше, «ALATAU CREATIVE HUB» мәдени, интеллектуалдық және дарынды дамытудың шынайы ошағына айналды. 


Спикер стратегия аясында қаладағы Мәуленов көшесі, 46 мекенжайда жаңа кітапхана, сондай-ақ Назарбаев даңғылы, 122 мекенжайда «MEDEU CREATIVE HUB» музыкалық өнерге баулитын жастар орталықтарының ашылатынын айтты. Мұнда жыл сайын 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдениет #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:22

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Бүгін 11:58

Бас прокуратура қазақстандықтарды Наурызға қатысты провокациялық мәлімдемелерден сақ болуға шақырды

Бүгін 11:53

Ертең салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады

Бүгін 11:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика