конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы тауларында тұтанған өртті сөндіруге екі тік...

Алматы тауларында тұтанған өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

Оқиға 26.07.2022, 03:55 1,243 Almaty-akshamy
Алматы тауларында тұтанған өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды
Сурет: ТЖД

Жоғары тік беткейінен, түнгі уақытта өрт сөндіру техникасы мен авиаборттарды қолдану мүмкіндігі болмады


Алматы тауларындағы тұтанған шөпті сөндіруге ҚР ТЖМ мен Алматы қаласы әкімі аппаратының 109 құтқару қызметінің тікұшақтары жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында Медеу ауданындағы Қимасар шатқалы баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түскен. 



«Оқиға орнына ТЖД құрамындағы табиғи өртті сөндіру жиынтық жасағы -100 адам, 14 техника, оның ішінде Іле Алатауы МҰТП ат патрулі – 60 адам, 109 қызметі және Қазавиаорман инспекторлары дереу жіберілді. Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару «Ми-8 АМТ» және Алматы қаласы әкімі аппаратының 109 құтқару қызметінің әрқайсысы 3 тоннадан су құю құрылғыларымен жабдықталған екі авиаборты жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан. 



Жоғары тік беткейінен, түнгі уақытта өрт сөндіру техникасы мен авиаборттарды қолдану мүмкіндігі болмады, осыған байланысты өрт сөндірушілер жанып жатқан жерге жаяу көтерілді. 


Оқиға орнына келген өрт сөндіру бригасы 0, 06 алаңда құрғақ шөптің жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру үшін Ермак аспалы өрт сөндіргіштер, шанцты құралдар (шартылдақтар, күректер) қолданылды. Өрт тұтанған аймақтағы жер жыртылды. 



«Таулы-орманды жерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз. ӘҚБК 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады. Жеке тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жауапкершілікке (300 мың теңге) тартылады. Тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін»,- деп атап өтті қалалық ТЖД баспсөз қызметінен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау #өрт #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

17.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);