AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Almaty Summer Fest фестивалін 250 мыңнан астам көр...

Almaty Summer Fest фестивалін 250 мыңнан астам көрермен тамашалады

Алматы Бүгін 16:42 34
Almaty Summer Fest фестивалін 250 мыңнан астам көрермен тамашалады
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған Almaty Summer Fest фестивалінің алғашқы маусымы аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаз бойы Алатау ауданындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында ашық аспан астында 13 концерт өтті.

Бағдарламаның бір бөлігі мемлекеттік мерекелер мен көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығына арналды. Жоба аясында Домбыра күніне, Астана күніне, Абай күніне арналған іс-шаралар, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Сахнада Дос-Мұқасан, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, MuzArt, Жанар Дұғалова, Мирас Жүгінісов, Kalifarniya, Turar, Alem, Bayansulu, Садраддин, Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.

Фестиваль аясында экология тақырыбына да ерекше мән берілді. Концерт барысында «Таза Қазақстан» акциясының құндылықтары насихатталып, іс-шаралар аяқталған соң көрермендер аумақ тазалығын сақтауға шақырылды.

Жаз бойы жобаға 300-ден астам өнерпаз қатысып, 1 мыңнан астам ән шырқалды. Концерттерді 250 мыңнан астам көрермен тамашалады, ал фестиваль туралы әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың жалпы қаралымы 50 миллионнан асты.

Almaty Summer Fest мәдени іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтарының жазғы демалысын мазмұнды өткізуге бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қарағандыда шахтерлер күніне концерт берді

Бүгін 17:00

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін 16:50

Тарихи шындықтан қорықпайтын отаншылдық

Бүгін 16:39

Алматыда Ататүріктің қарындасы туралы қазақ тіліндегі романның тұсаукесері өтеді

Бүгін 16:33

Сарапшы басқа елдерде төмен шығарындылар аймағын енгізудің қандай нәтиже бергенін айтты

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);