AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ALMATY SUMMER FEST: биылғы жаздың жарқын оқиғасы

ALMATY SUMMER FEST: биылғы жаздың жарқын оқиғасы

Алматы Бүгін 11:07 40
ALMATY SUMMER FEST: биылғы жаздың жарқын оқиғасы

Алматының жазғы мәдени өміріне жаңа серпін берген Almaty Summer Fest бірегей жобасы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кешегі сенбіде соңғы 13-ші қорытынды концертін өткізді.

Almaty Summer Fest осы жаздың алғашқы сенбісінде, яғни 6 маусымда басталып, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда, ашық аспан астында Алматы кешін әр сенбіде үздіксіз ән-жырға бөлеп келді.

Жаз бойы, яғни бүкіл маусым ішінде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Бүркіт пен Айша, Жанболат пен Жазира, Қайрат Нұртас, Бейбіт Қорған, Әділет Жауғашар, ZIRUZA, Луина, Айдана Меденова, Kalifarniya, ALEM, Ақбота Керімбекова, Балжан Бидаш, Sadraddin, Саят Медеуов, Ғаділбек Жанай, Зарина Омарова, «Алашұлы», Жанар Дұғалова, KeshYou сынды жұлдыздар сахна төрінде жарқырады. 12-ші концертте көрермендерден жиналған әр буын өкілдері бірігіп «Атамекен» әнін орындағанда, үлкен-кішінің елге, жерге деген құрметі, сүйіспеншілігі әуеннің әр жолынан сезіліп, сан жүректі толқытты. Иә, мәдениет – адамдарды біріктіретін күш. Ал музыка сол байланысты сезінуге жетелейтін көзге көрінбес нәзік перне десек қателеспеспіз.

– Алматы – тек әсем қала ғана емес, мәдениеті мен руханияты терең қала. Мұнда театрлар, мұражайлар, кітапханалар, өнер орталықтары көп. Қаланың әрбір көшесінен ұлттық мәдениеттің тынысын сезінуге болады. Алматыда түрлі концерттер, көрмелер, шығармашылық кездесулер жиі өтеді. Бұл – өнер мен білімге қызығатын адамдарға жақсы мүмкіндік. Менің ойымша, Алматы – адамның жан дүниесін байытып, жаңа дүниеге қызығушылығын оятатын рухани қала. Almaty Summer Fest те бізге жақсы сәттер сыйлады, – дейді Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің 3-курс студенті Жанель Айтбай.

Almaty Summer Fest-тің құндылығы тек танымал әншілердің концерт беруінде емес, үлкен-кішіні бір-бірінен бөліп-жармай бір толқында ұстап тұра алғандығында, қала тұрғындары мен меймандарына қолжетімді мәдени демалыс ұсынғандығында. Барлық концертті тегін ұйымдастырып, әр жастағы адамдардың бірге, отбасымен демалуына мүмкіндік жасағанында. Әсіресе, «Алатау» дәстүрлі өнер театры орналасқан іргелі Алатау ауданында тұратын адамдарға ірі мәдени іс-шараны үйіне жақын жерде көруге мүмкіндік берілгенінде. Сондай-ақ, фестивальде танымал әншілермен бірге жас орындаушылар және мегаполистегі сегіз ауданның шығармашылық ұжымдары да сахнаға шықты, олардың дамуына үлкен қолдау көрсетілді. Алматының мәдени өмірі бұрынғыдан да жандана түсіп, Almaty Summer Fest музыка, достық, шығармашылық пен жақсы көңіл-күйді біріктіретін заманауи қалалық фестиваль деңгейіне көтерілді.

– Almaty Summer Fest-ке осымен төртінші рет келдім. Жанға қуат сыйлайтын осындай мәдени іс-шаралардан қалмауға тырысамын. Алматы – сүйікті қалам. Басқа өңірлерге, шетелге шығатын болсам, Алматыны ылғи сағынып тұрамын. Жастар қаласы. Жасыл желекке оранған көшелерімен серуендеудің өзі біз үшін бір ғанибет. Кешкісін де қыдырып жүре береміз. Самаладай жарқырап тұратын әсем шамдары барлық жерде бар, қала қауіпсіз. Алматының әр бұрышынан өзіндік бір әдемілікті байқауға болады. Кейінгі кезде саябақтар көп салынды. Біз баратын, қыдыратын жер өте көп, – дейді №42 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі және әлеуметтік педагог Аружан Ахметова.

Фестивальдің тағы бір ерекшелігі – әр концертте жеке бағдарлама болды. Атап айтсақ, бір сенбі Ұлттық домбыра күніне, енді бір сенбі «Абай әлеміне», үшінші сенбі Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойына арналып, ашық аспан көгінде сазгердің әндері әуеледі.

Кешегі соңғы 13-ші концертте «Дос-Мұкасан», «Меломен», Мөлдір Әуелбекова, Мархаба Сәби, Әли Оқапов, Сара Амангелді, ALFA, «404» өнер көрсетті. Адам қарасы әдеттегіден өте көп болды. Себебі түсінікті. Жаздың соңғы күніндегі мәдени іс-шара. Әрі бүгін сабағы басталатын білімге ұмтылған жан-жақтағы студент-жастардың ару Алматыға ертерек келіп алып, шаһарды толтырып әкеткенінде.

Иә, сахна алды сұлу жастарға толды. Жастықтың өзі әдемі ғой. Сахнада шырқалған әрбір әнге ілесіп тұрған олар бітіп қалмаса екен, айта түссе екен дегендей сүйікті әншілерін жібергісі келмейтіндей. Жігітінің иығына жай ғана басын сүйеп еркелей әнге елітіп тұрған арулар да сұлу. Бір-біріне аялай қарап вальс билеп тұрған қыз-жігіттер жұбы да сондай жарасымды. Қол ұстасып алған ерлі-зайыптылар да ары-бері сейіл құрып жүр. Ата-анасына жеткізбей құлдыраңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндер қарасы тіпті көп. Немере жетектеген әжелерді де көп көрдік.

– Алматыны мен ең алдымен, жастардың арманына қанат бітіретін қала деп қабылдаймын. Өзім би үйірмесіне қатысамын. Әнді де сүйемін. Almaty Summer Fest-ке үшінші рет келдім. Сахнаға шыққан барлық әншінің өлеңдерін жатқа біледі екенбіз, қосылып айттық бәріміз. Жалпы, осы жаз ешқандай ішім пыспады, концерт, фестивальдерден бөлек, музейлерде де болдым. Алматы – маған шабыт беретін қала. Биыл көшелерге өте көп гүл егілгенін байқадым. Әдемілікке қызығып жаяу жүре бергің келеді, шаршамайсың. Гүлдене берсін деймін, – дейді №36 ЖББМ 11-сынып оқушысы Шұғыла Иманәлі.

Ең бастысы, Almaty Summer Fest тек бір күндік фестиваль емес, маусым бойы жалғасқан 13 концерттен тұратын қалалық мәдени жоба болды. Сөйтіп бұл Алматының мәдени имиджін нығайтып, қаланы одан әрі тартымды ете түскендей.

Айтпақшы, Алматы әкімдігінің бастамасымен жаз бойы өткен бұл фестивальдің алғашқы 6 концертіне 60 мыңнан астам көрермен жиналған. Бұл орта есеппен әр концертке 10 мыңнан астам адам келгенін көрсетеді. Ал кешегі соңғы 13-ші концертті қосқанда барлығы 300-ден астам өнерпаз, 200 мыңнан астам көрермен қатысып, ашық аспан астында 1000-ға жуық ән шырқалған.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

Бүгін 12:05

Қазақстанда жыл сайын 5 қыркүйекте Тілдер күні аталып өтеді

Бүгін 11:54

Олжас Бектенов ҚР Премьер-министрі лауазымына қайта сайланды

Бүгін 11:24

Ерлан Қарин вице-президент болды

Бүгін 11:10

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Бүгін 11:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);