AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы - студенттер қаласы

Алматы - студенттер қаласы

Әлеумет 30.11.2023, 10:17 1,118
Алматы - студенттер қаласы
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан алдағы жылы өтетін студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығына алғаш рет ие болды.


Алматыда «BUSINESS COLLABORATION FORUM 2023» бизнес-форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Форумға Республиканың 51 оқу орнының мектеп оқушылары мен студенттері, кәсіпкерлер және ENACTUS бағдарламасының қонақтары қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жастар өздерінің бизнес-жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды.



Форум барысында сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жастарға сәттілік тіледі.



- 1995 жылдан бастап Қазақстанда ENACTUS жобасы дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өзіндік идеяларын енгізіп, бизнес-жобаларды жүзеге асыруда. Алматы - студенттер қаласы. Шаһарда 35 ЖОО орналасқан. Онда 200 мыңға жуық студент білім алып келеді. Өткен жылы Алматы қаласының әкімдігімен 2025 жылға дейінгі қаланың даму бағдарламасы бекітілді. Оның ішінде қала жастарына білім беру, жұмыспен қамту, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне аса мән берілді. Қысқа мерзімді курс оқып, жұмыс табуға мүмкіндік беретін JasAlmaty.kz порталы іске қосылды. Сәуір айында жас кәсіпкерлер клубы құрылды. Қорытындылай келе, әрқайсысыңызға бизнесте табысқа жетуді тілеймін, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.




ENACTUS Kazakhstan ұйымының президенті Альбина Ержанова еліміздің «ENACTUS WORLD CUP 2024» студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығын жеңіп алғанын атап өтті.



Оқу жылының соңында үздік бизнес-жобалар ENACTUS Kazakhstan кубогына қатысады. Онда жеңіске жеткен жоба әлемдік жарысқа жолдама алады. Жақында ғана біз ENACTUS-тың әлемдік кубогынан келдік. Онда Қазақстан келесі жылы өтетін студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығына алғаш рет ие болды. Әлемнің үздік университеттері мен үздік командалары Астана қаласында 2024 жылы жиналады, – деді ENACTUS Kazakhstan ұйымының президенті Альбина Ержанова.




Сондай-ақ, форум аясында ENACTUS Kazakhstan EXPO – инновациялық, экологиялық, әлеуметтік, digital және бизнес жобалар көрмесі ұйымдастырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Студент #форум #Кәсіп #бизнес #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика