AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын...

Алматы спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Әлеумет 20.02.2026, 13:21 207 yakiya
Алматы спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Алматыда қаладағы спорт қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара спорт федерацияларының, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық институттардың өкілдерін біріктірді.

Кездесудің мақсаты — жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылау, спорт қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру және елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамалар төңірегіндегі қоғамдық диалогты дамыту.

AMANAT партиясының Бостандық аудандық филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали Негізгі заңдың қоғамдағы келісімнің іргетасы ретіндегі маңызын атап өтті:

«Конституция — жай ғана заңдар жиынтығы емес. Бұл — мемлекеттің жүрегі, халықтың үні және ортақ келісімнің көрінісі. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, әділдік пен теңдік қағидаттарына кепілдік береді. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамын», — деді ол.

Талқылауға дзюдо, күрес, таэквондо, ауыр атлетика, гимнастика, жеңіл атлетика, велоспорт және теннис федерацияларының өкілдері қатысты. Қатысушылар спорттың қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы және жастарды тәрбиелеудегі рөлін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі адам құқықтарын қорғау және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Қатысушылардың бағалауынша, ұсынылып отырған өзгерістер ауқымды сипатқа ие әрі қолданыстағы нормалардың едәуір бөлігіне әсер етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Рахымжанқызы жобаға енгізілген негізгі жаңашылдықтарға кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, мемлекеттің базалық құндылықтарын бекітеді.

«Жаңа Конституция жобасында тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастық сияқты құндылықтар өзгермейтін әрі қол сұғылмайтын деп айқындалған. Жобаны адамға бағдарланған құжат деп атайды, өйткені басты назар — адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда. Негізгі идея — мемлекет адам үшін өмір сүреді, керісінше емес», — деді ол.

Сондай-ақ спикер құжатта әлеуметтік кепілдіктердің, оның ішінде еңбек ету, демалу, ең төменгі жалақы, тегін медициналық көмек және орта білім алу құқықтарының бекітілетінін, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы сипаты мен діннің мемлекеттік институттардан бөліну қағидатының расталатынын атап өтті.

Қатысушылар цифрландыруға қатысты бөлімнің өзектілігін де ерекше атап өтті. Жаңа Конституция жобасында жеке деректерді қорғау және азаматтардың цифрлық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар конституциялық деңгейде бекітіледі.

Талқылау конструктивті жағдайда өтіп, спорт қауымдастығының қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);