AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы саябақтарында зиянкестермен күрес жүріп жат...

Алматы саябақтарында зиянкестермен күрес жүріп жатыр

Әлеумет 21.06.2022, 17:00 1,084 Almaty-akshamy
Алматы саябақтарында зиянкестермен күрес жүріп жатыр
сурет: Inform.kz


Алматылықтар саябақтар мен аллеяларда қурап, сарғайып кеткен ағаштардың суреттері мен видеосын әлеуметтік желіде жариялап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
Әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қаланың жасыл қорын сақтау және абаттандыру мақсатында 8 аудан аумағында мамандандырылған ұйымдар жасыл желекті зиянкестерден қорғау үшін механикаландырылған және қолмен биологиялық тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өңдеу елді мекендер аумағында қолдануға рұқсат етілген биологиялық және кейбір жағдайларда қауіптілігі төмен класты (Р-4) химиялық препарат қолданылады.



«Мысалы, «Битоксибациллин», «Актарофит» микробиологиялық препараты қолданылды. Бұл препараттың ерекшелігі - оның құрамында токсиндер жоқ. Бұл препарат адамдарға, араға, жануарларға, құстар мен балықтарға қауіпсіз», - деп хабарлады әкімдік. 



Бұған дейін Алматы әкімдігі Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың жасыл қорына мониторинг жүргізді. Нәтижиесінде, емен ағаштарынан дің зиянкестері анықталды. Қалада 2019 жылы инвазивті зиянкес түрлері ретінде тіркелген бұл зиянкестер Қырғызстан аумағынан әкелінген. 



«Мамандандырылған ұйымдар жасыл желектерге, жалпақ жапырақты ағаштар мен емендерге зиянкестерден өңдеу жұмыстарын жүргізді. Жауын-шашынның көп болуы дер кезінде өңдеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп жатыр. Десек те, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, инфекция ошағы анықталған аумақ жасыл экономика басқармасының бақылауында», - деп атап өтті қалалық әкімдік өкілдері.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #саябақ #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59

Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді

Бүгін 14:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);