AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогын...

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды

Спорт Бүгін 11:35 43 yakiya
Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды
Алматы қаласы Спорт басқармасы

Almaty Arena көпфункционалды кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен үздік балуандар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Грек-рим күресі бойынша 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шамиль Ожаев алтын медаль жеңіп алса, 63 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Ардақов қола жүлдегер атанды.

Әйелдер күресінде алматылық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Қазақстан Кубогының жеңімпаздары қатарында Айнұр Әшімова (55 кг), Жаңыл Бекен (65 кг) және Жәмилә Бақбергенова (68 кг) бар. Қаламқас Жүніс (59 кг) күміс жүлдегер атанса, Алина Ертөстікке (76 кг) қола медаль бұйырды.

Еркін күресте Нұрқожа Қайпанов (74 кг), Санжар Досжанов (70 кг) және Ерхан Әбіл (79 кг) Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Асыл Айтақын мен Бақдәулет Әкімжан күміс жүлдеге ие болса, Мерей Базарбаев пен Родион Анчугин турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, турнир аясында Нұрқожа Қайпановқа Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» I дәрежелі құрмет белгісі табысталды.

Қазақстан Республикасының Кубогы қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен технологиялық жарақтандырылуы талқыланды

Бүгін 12:16

Қазақстандықтар елдің даму бағытына оң көзқараста

Бүгін 11:33

Қазақстанда заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі салық міндеттемесін орындаудың жаңа тәртібі қолданысқа енді

Бүгін 11:25

Алматыда 274 мыңнан астам оқушы психодиагностикадан өтті

Бүгін 10:45

Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);