ffin.kz

Алматы-Қаскелең тас жолы: Жұрт жауапсыз мердігер компания өкілдеріне наразы

Алматы-Қаскелең тас жолы: Жұрт жауапсыз мердігер компания өкілдеріне наразы Сурет: Ашық дереккөз

Мамандардың айтуынша, 85 пайызға жөндеу жұмыстары аяқталды


5 жыл бойы салынған жол 5 ай өтпей бүлініп жатыр. Көлік жүргізушілері жақында ғана қолданысқа берілген Алтын Орда базары маңындағы тас жолдың сапасы сын көтермейді деп ашулы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жаңа асфальттің жұлым-жұлымы шықанын айтқан жұрт жауапсыз мердігер компания өкілдеріне наразы. 


Тоғыз жолдың торабы саналған бұл транзиттік дәлізден күніне шамамен 18 мың көлік қалаға кіріп шығады. Біз тұрған Алматы-Қаскелең тас жолының бір бөлігі өткен жылы желтоқсан айында пайдалануға берілген еді. Арада 6 ай өтсе де жол құрылысы толық дайын емеске ұқсайды. Себебі өздеріңіз көргендей көпір үстінде құрылыс жұмыстары толастар емес.


Күрделі айналма жолды салудағы негізгі мақсат - көлік кептелісін азайту. Республикалық маңызы бар бұл тас жолдың бойында көлік ағыны көп. Жүргізушілер эстакада қолданысқа берілсе де, кептелістен көз ашпадық деп отыр.  


«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компания өкілдігінің айтуынша, айналма жолға кеткен қаржы 8 млрд теңге. Бұл республикалық бюджеттен алынған.


Ал жауапты сала мамандары көлік жүргізушілерінің шағымына қатысты алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Қазір көпір үстінің асфальт-бетон жамылғысы қайта төселіп жатқанын айтты. Құрылыс жұмыстары Райымбек батыр көшесіне дейін жалғасады екен. Ол үшін көлік қозғалысы тоқтамайды. Тас жол төсеу жұмыстары жол жабылмай-ақ жүргізіледі.



«Желтоқсан айында пайдалануға берілген тас жол толық аяқталған жоқ.  Алтын Орда базары маңында көлік ағыны көп болғандықтан уақытша аштық. Қазір 85 пайызға жұмыс аяқталды. Қалғанын күзге дейін толық аяқтап тапсырамыз», – деді «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржан Таңатаров.



«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы өкілдерінің айтуынша, күз мезгілінде толық аяқталатын Алтын орда жолы 25 жылға дейін шыдас береді екен. Бұдан кейін тас жолға қатысты ешқандай мәселе болмайды деп сендірді. Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019-да аяқталып, тапсырылуы керек еді. Мердігер компаниялардың жауапсыздығы мен жер телімдерін сатып алуға байланысты құрылыс әлі күнге дейін сағызша созылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04