AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматы облысында Президенттің жол-көлік инфрақұрыл...

Алматы облысында Президенттің жол-көлік инфрақұрылымының сапасы бойынша берген тапсырмасының орындалуы тексерілді

Саясат Бүгін 12:15 38
Алматы облысында Президенттің жол-көлік инфрақұрылымының сапасы бойынша берген тапсырмасының орындалуы тексерілді
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Кеген және Райымбек аудандарының жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарымен және Қонаев қаласындағы әкімшілік нысандардың құрылысымен танысты.

Ең алдымен Кеген ауданындағы «Кеген» өткізу пунктіне барып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Кеген мен Райымбек аудандарын жалғайтын автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын көріп, талаптарды қатаң сақтауды, жол жабынының сапасын бақылауды және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Мемлекет басшысы жол құрылысының сапасын бағалау жүйесін қайта қарау және құрылыстың барлық кезеңінде бақылауды күшейту туралы тапсырма бергені белгілі. Алдағы уақытта жол сапасы жекелеген нысандарды тексерумен ғана шектелмейді, жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезеңдерінің барлығында бағалаудың нақты әрі бірізді тәсілдері қолданылады.

Бүгінде бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, жолдардың барлық сапа стандарттарына сәйкес келуі Үкіметтің қатаң бақылауында. Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс кестесін сақтау, инженерлік желілердің дайындығын қамтамасыз ету және техникалық қадағалауды күшейту жөнінде тапсырма берді. Бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау, нысандарды құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарына сай пайдалануға беру басты назарда болуы тиіс.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #президент #құрылыс #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді жерлеу жәрдемақысын төлеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:07

Тоқаев: "Кітап оқыған адам ғана өмірден өз орнын табады"

Бүгін 11:07

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Бүгін 09:15

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);