AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық...

Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық жоба аяқталып келеді

Әлеумет 29.11.2024, 11:08 701
Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық жоба аяқталып келеді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Түрксіб ауданының 300-ден астам тұрғыны орталық коммуникацияларға қосылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданын аралау барысында Закарпатская көшесі бойындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысымен танысты.

2014 жылы Алматы облысынан Алматыға қосылған учаскеде орталықтандырылған коммуникациялар болған жоқ. Тұрғындар өз күшімен ұжымдық су құбырын тартып, су бұру үшін септиктерді пайдаланды. Уақыт өте келе, пайдалану кезінде тозған су құбыры жүктемелерді көтере алма себебінен, сумен жабдықтауда үзілістер жиілеп кетті.

Бұл мәселені шешу үшін Түрксіб ауданының әкімдігі 4,8 км су құбыры, 1,6 км кәріз және екі кәріз сорғы станциясы (КСС) құрылысының жобасын әзірледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталып, сол жылдың маусым айында аяқталды.

Бүгінгі таңда инженерлік желілерді төсеу жұмыстары аяқталды, бірақ жобада екеуі қарастырылғанымен, тек бір КСС орнатылды. Осыған байланысты ағымдағы жылдың тамыз айында Түрксіб ауданының әкімдігі мердігер ұйымды жұмыстарды толық орындамағаны жне уақыты жағынан үлгермегені үшін сотқа талап-арыз берді. Сот істі қарауда.

 

Жұмыс барысымен танысу барысында Ерболат Досаев құрылысты соңына дейін жеткізуді және объектілерді пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды. Аудан әкімі екінші КСС осы жылдың желтоқсан айында орнатылатынына сендірді. Нәтижесінде орталық коммуникациялармен 300-ден астам тұрғын тұратын 70 үй қамтылады.

 

Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасы бойынша қабылданған инженерлік коммуникацияларды ұстаудың жаңа ережелерін ескере отырып, асфальтбетон жабынын қалпына келтіру жүргізілгенін атап өткен жөн. Егер бұрын жол төсемі тек траншея арқылы қалпына келтірілсе, қазір жолдың бүкіл ені бойынша қалпына келтіріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #құбырлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Бүгін 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика