AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жа...

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды

Барлығы 02.05.2025, 14:58 754 Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды
vecher.kz

Мәслихат жергілікті өкілетті орган ретінде бұл процесті заңнамаға сәйкес барынша ашық, жария түрде және қоғаммен диалог форматында ұйымдастырды.
⠀
Бірнеше кезеңдік конкурс пен ашық трансляциямен өткен сұхбаттасулар нәтижесінде Кеңес құрамына 42 адам енді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олардың ішінде:
39 – азаматтық қоғам, коммерциялық емес сектор мен сарапшылық қауымдастық өкілдері,
3 – мемлекеттік органдардың өкілдері.
⠀
Барлығы 165 өтінім келіп түсті – бұл қаламыздағы азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Құжаттарды тексеру барысында 7 үміткер конкурсқа жіберілмеді, 5-і келесі кезеңнен бас тартты. Қалғандары жұмыс тобының мүшелерімен жеке сұхбаттан өтті. Жұмыс тобына қолданыстағы Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және ҮЕҰ өкілдері кірді. Оның құрамы да ашық дауыс беру арқылы бекітілді.
⠀
Жаңартылған құрамда:
▫️ 70%-дан астамы бұған дейін Кеңес құрамында болмаған жаңа мүшелер
▫️ Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өндіріс, әлеуметтік осал топтарды қорғау және басқа да негізгі салалар қамтылған
▫️ 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 21,4%-ға дейін өсті, Кеңес мүшелерінің орташа жасы – 46
▫️ Кеңеске алғаш рет оралмандар мен Ұлттық құрылтай мүшелері енді
▫️ Гендерлік және этникалық құрам мегаполистің сан алуандығы мен әлеуметтік құрылымын көрсетеді.
⠀
Құрам – тәжірибе, жаңа идеялар мен азаматтық белсенділіктің үйлесімі. Жаңа Қоғамдық кеңес билікпен тиімді диалог алаңына айналып, қалалық өмірдің өзекті мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін.
⠀
Кеңестің жұмысы ашық, жүйелі әрі есепті болады. #MaslikhatAlmaty бұрынғыдай оның қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп, тұрғындармен диалогтың ашықтығын қамтамасыз етеді.
⠀
Бастамашыл болып, өтінім берген баршаңызға алғыс айтамын. Сіздердің белсенділіктеріңіз – қуатты өзін-өзі басқарудың кепілі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізі.

Жаңартылған құрамның тізімін осы жерден көруге болады. 
⠀

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қоғамдық кеңес #жаңа құрам #жасақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);