конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Құрылтай сайла...

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Құрылтай сайлауына қатысты Конституция нормалары талқыланды

Құрылтай Бүгін 17:42 64

Алдағы сайлау мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің және азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, алдағы сайлау мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болмақ. Жаңа саясаткерлердің пайда болуы, саяси бәсекелестік мәдениетінің қалыптасуы және ашық пікірталастардың өтуі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі оң өзгерістерді көрсетеді.

«Біз жаңа адамдардың, жаңа саясаткерлердің келіп жатқанын, саяси бәсекелестіктің жаңа мәдениеті қалыптасып, пікірталастардың өтіп жатқанын көріп отырмыз. Азаматтық қоғам өкілі ретінде бұл маған үлкен оптимизм ұялатады», – деді Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин.

Ол сондай-ақ азаматтардың алдағы сайлауға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, саналы түрде дауыс беру — азаматтық жауапкершілік пен Қазақстанның одан әрі дамуына деген қызығушылықтың көрінісі.

Дмитрий Лактюшин қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және өз азаматтық таңдауына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Бүгін 18:41

Алматының құрметті азаматы Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін 18:02

Алматыда QAZAQ med travel медициналық туризмінің жобалық кеңсесі ашылды

Бүгін 17:56

Құрылтай - 2026: «Заң мен тәртіп» тақырыбына теледебат өтті

Бүгін 17:51

Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);