AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының дипломатиялық корпусы азаматтық қ...

Алматы қаласының дипломатиялық корпусы азаматтық қорғау саласында шеберлік сыныбынан өтті

Әлеумет 19.04.2023, 19:00 1,089
Алматы қаласының дипломатиялық корпусы азаматтық қорғау саласында шеберлік сыныбынан өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Сел тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті


2023 жылғы 18 сәуірде БҰҰ ғимаратының базасында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Иран, Венгрия, Франция, Литва, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Түрікменстан, Үндістан, Корея, сондай-ақ БҰҰ кеңесшілері мен Юнеско өкілдері үшін азаматтық қорғау саласында оқу сабағын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сабақтың мақсаты-Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының каскадты оқыту әдісін қолдана отырып, төтенше жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардарлығын арттыру. Әдістің мәні мынада: оқытудан өткен бас консулдар өз елшіліктерінде не үйренгендерін айтып береді, осылайша ақпаратты техникалық қызметкерлерге дейін жеткізеді.


Сабақ аясында ТЖД қызметкерлері дипломатиялық корпусқа «Жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі халықтың іс-әрекеттері», «ТЖ жағдайындағы дабыл чемоданы ішіндегі заттар», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту», «ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттері», «Халықтың іс-әрекеттері дабылы кезінде «Барлығының назарына!»», «Дармен» мобильді қосымшасының жұмыс принципі», «Сел тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті» және «Өрт қауіпсіздігі» қағидаларын жеткізді.


Бас консулдар ТЖД қызметкерлеріне белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.


Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі басшысының орынбасары Исламбек Райымов сабақты өткізуге және бағдарламаны дайындауға көмектескені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Оның пікірінше, бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық қажеттілігі бұрынғыдан да көп, сондай-ақ мұндай курстар діни сенімге, саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстарға қарамастан азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖД #шеберлік #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);