Кездесуде Алматы мен Гонконг арасындағы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
⠀
Екіжақты кездесуде биылғы 24-25 қыркүйекте Алматыда өтетін Қазақстан-Қытай инвестициялық форумына дайындық барысына ерекше назар аударылды. Аталған форумға қытайлық компаниялар мен қаржы институттарының қатысуы, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері де кездесу барысында сөз болды.
⠀
Денсаулық сақтау саласында Алматының медициналық ұйымдары мен Қытайдың жетекші офтальмологиялық ауруханаларының бірі арасында ынтымақтастықты дамыту көзделген. Бұл бағыт аясында мамандардың тәжірибе алмасуы мен бірлескен кеңес беру жоспарланып отыр.
⠀
Сондай-ақ, тараптар тау және тау шаңғысы курорттарын, туристік-рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға да ерекше тоқталды. Мұндай жобаларды жүзеге асыруға Sunwah Group пен қытайлық инвесторларды тарту мүмкіндіктерін қарастырылды.
⠀
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Гонконг Қытай Бас сауда палатасының басшысымен кездесті