Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында кенеге қарсы өңдеудің екінші кезе...

Алматы қаласында кенеге қарсы өңдеудің екінші кезеңі басталады: қала тұрғындары не білуі керек?

Әлеумет 16.05.2022, 12:00 993
Алматы қаласында кенеге қарсы өңдеудің екінші кезеңі басталады: қала тұрғындары не білуі керек?
zuratkul.ru

Қалада кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр


Алматы қаласында ағымдағы жылдың 16 мамырдан жалпы ауданы  2424,54 га болатын орманды алқаптарда, қала саябақтары мен скверлерінде кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі басталады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды алқап (көлемі - 1904,924 га), 144 қала саябақтары мен скверлері (көлемі – 519,616 га) қамтылады және ауа-райына байланысты (құрғақ, жауын-шашынсыз күндері) кестеге сәйкес 2022 жылғы 16 мамырдан 10 маусымға дейін жүргізіледі.


Дезинсекциялық іс-шараны  қалалық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады. Жасқталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес санатына жатқызылады (3-4 топ). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» ескерту хабарламасы бар белгілер орнатылады.  


Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтау қажет:


- акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;


- жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;


- өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;


- қала тұрғындары мен қонақтары қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілген кезде және одан кейін 3 күн ішінде бармау керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #саябақтар #дезинсекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Құқық + AI: құқығыңды біл" атты экспромт-кездесу өтті

Кеше 21:12

Сенімділік – жаңа күш: The National Interest басылымында Тоқаевтың мақаласы шықты

Кеше 20:42

Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек

Кеше 20:38

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Кеше 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі