AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында 95 мемлекеттік қызметшіге тынығу...

Алматы қаласында 95 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

Әлеумет 26.06.2024, 10:45 756 Д. Жұбаназарова, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының жетекші маманы
Алматы қаласында 95 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында 95 мемлекеттік қызметшінің тынығу уақыттары қалпына келтірілді. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша құқықтарын қорғауға бағытталған. 

Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау үшін жұмыс уақытын нақты жоспарлау және бақылау өте маңызды. Мемлекеттік қызметші жұмыс берушінің актілеріне сәйкес лауазымдық міндеттерін орындаған уақыт, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдерін жұмыс уақыты деп атайды. Жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыру басшыға да, қызметкерлерге де бірдей қажет.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 2023 жылдың наурыз айында жұмыс уақыты режимінің сақталуын мониторингілеу бойынша құзырет беру жөніндегі заңнамалық түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер жұмыс берушінің жұмыс уақыты режимін бұзғаны үшін жауапкершілігін қатаңдатуға арналған қажетті құрал болып табылады. Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді.

Мониторинг мемлекеттік органға бармай-ақ тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйелерде көрсетілген мәліметтер, уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік органдар ұсынатын деректер, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланымдар бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жасау көзі болып табылады.

2024 жылдың 1 тоқсанында Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті 15 мемлекеттік органда жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингі жүргізілді. Нәтижесінде 56 қызметкердің жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша құқықтары бұзылған фактілері анықталды. Сонымен қатар, 95 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді.

Агенттік мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторингті жалғастырады. Бұл шара қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушілердің заңнаманы толық орындауына бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында осындай мониторингтер тұрақты негізде жүргізіліп тұрады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік қызметші #жұмыс уақыты #мониторинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);